«Жәнібектің туған анасы деп жазылған әйел 2023 жылдың желтоқсанында табылған»: Қымбат Досжан тың деректерді жария етті

12.03.2024, 09:26
14705
«Жәнібектің туған анасы деп жазылған әйел 2023 жылдың желтоқсанында табылған»: Қымбат Досжан тың деректерді жария етті muratsaveliev

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің заңды өкілі, журналист Қымбат Досжан желіде тағы жазба жариялап, тың дерекпен бөлісті.

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің заңды өкілі, журналист Қымбат Досжан желіде тағы жазба жариялап, тың дерекпен бөлісті.

«Біз Жәнібектің анасын іздеп жүріп, 2004 жылы қылмыстық құрамның да болғанын ойламаған жерден анықтадық. Негізі қылмыскер емес, туған анасын іздеп жүр едік қой... Жәнібектің құжатында туған анасы деп жазылған әйел 2023 жылдың желтоқсанында табылған, бірақ бала басқа сияқты (ауысып кеткен), өйткені бірнеше ДНҚ анализ теріс шықты.

Жани Савельевтің, яғни Жәнібек Жұмағұловтың туған анасын іздеу барысында ҚР Қылмыстық Кодексiнің 135-бабы: «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша қылмыстық іс ашылып, Арқалық қаласындағы Полиция басқармасының тергеушілері күн-түн демей жұмыс істеп отыр», - деп жазды ол.

Айтуынша, әйелдерден ДНҚ анализ алып, клиникаға тапсырып жатыр. Арқалықта 6 наурызда Полиция басқармасының басшылығы халық алдында есеп берген екен. Сол жиында Жәнібектің де мәселесі айтылған. Дереккөзі @araily_arkalyk және «Арайлы Арқалық» youtube арнасы.

«Бұл проблеманы көтерген азаматқа да алғыс айтамыз, танысаңыздар, белгілеп кетіңіздер. Журналистік зерттеу барысында бельгиялық әйелмен жеке сөйлестік. Сөз арасында «Бала асырап алғанда заң бұзылған жоқ па?» деген де сұрақ қойылды. Ол кісі «Бельгия тарапынан заң бұзылған жоқ» деді де, Қазақстанға қатысты бір адамның аты-жөнін атап, бала асырап алу үшін, сол кісіге бәленбай мың еуро бергенін, өз елінде отырып Жәнібектің фотосы мен мәліметін алғанын, содан кейін ғана жолға шыққанын мәлімдеді. Бұл диалог ресми түрде заңдастырылып, заң органдарына тапсырылды.

Жалпы Жәнібекке, тастанды балалар тағдырына қатысы болуы мүмкін деген адамдардың бәрі қазір бар, көзі тірі, білуімізше, тек 1 маман өмірден өткен. Тіпті медицина саласында 40 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан мамандардың да Жәнібекке қатысты ресми құжаттарда аты аталған, лауазымы жазылған, қолы қойылған», - дейді ол.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады