Жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды

12.03.2024, 11:57
435
Жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды egemen.kz

Белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы 74 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде жеткізді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қасиетті Оразаның екінші күні қазақтың біртуар қаламгері, асыл ағамыз Жұмабай Шаштайұлы Жаратқанның құзырына қайтыпты. Бірнеше буынға ұстаз болған, адал һәм тап-таза қалпынан айнымай, соңынан бір ауыз бөтен сөз ілестірмеген Жұмағаң туралы айтар жақсы әңгіме көп. Жақсылар шетінен кетіп жатыр, – деп жазды ол.

Жұмабай Шаштайұлы – Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Жамбыл ауылында 10.10.1950 жылы туған. Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Еңбек жолын «Коммунизм жолы» газетінде бастап, 1980-1987 жылдары «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, 1987-1990 жылдары «Жалын» журналында жұмыс істеді. 

  • 1990-1992 жылдары Қазақ тілі қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары;
  • 1992-1996 жылдары «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бөлім меңтерушісі;
  • 1996-2002 жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің бас редакторы;
  • 2002 жылдан бастап «Қазақ радиосының» бас редакторы қызметін атқарды. 

1982 жылы «Таң нұры» атты ұжымдық жинаққа «Қияда» атты алғашқы повесі енген. 1984 жылы шыққан «Қызыл қар» атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға ілікті. Одан соң «Жала мен нала» (1987), «Жыр жолбарыс» (1996), «Біздің заманның Аяз биі» (1997) кітаптары жарық көрді.

Емделіп жатқан Төреғали Төреәліге желі қолданушылары қолдау білдірді «Мәһр болғаны дұрыс»: Жахан Отарғалиев Дубайда келіншегіне мәһр сыйлады (ВИДЕО) Автобус күтіп тұрған 64 жастағы әйелге күтпеген жерден бейтаныс ер адам шабуылдаған TikTok Қытайға қолданушылардың деректерін бергені үшін 530 млн еуро айыппұл төлемек Атырауда қоқысқа толы пәтерден зейнеткердің мәйіті табылды Олимпиада жүлдегерлері пәтер кілттерін алды Астанада зейнеткерлер санаторияға тегін жолдама үшін таласып жатыр (ВИДЕО) 30 мың теңге үшін дүкеншіні аяусыз пышақтап өлтірген қаскөй сотталды Ермұрат Бәпи, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан: Ресейге кіруге тыйым салынған Қазақстан азаматтары көбейген «Бүкіл денесі жанып кеткен»: токқа түсіп қаза болған 9 жасар баланың анасы меморгандарды кінәлап отыр Әйелін түскі ас дайындамағаны үшін ұрып-соққан Шиелі тұрғыны жазадан құтылып кетті Ерекше балалар үшін жүгірген марафоншылардың арқасында инклюзивті кабинеттер ашуға мол қаржы жиналды АҚШ Украина мен Ресейдің келіссөзінде делдал болудан шаршады Ресейде жаңа көліктер бұрын-соңды болмаған арзан бағаға түсті Елдегі мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейген Астанада өтетін әскери шеруді қайдан көруге болады? Атырауда Каспий маңындағы қамыс өрті 2 күннен бері жалғасып жатыр Швеция мигранттарға еліне қайтқаны үшін 32 мың еуро төлейтін болды Дональд Трамп өзін «Рим Папасымын» деп жариялады (ФОТО) Оралда студентті тонаған 21 жастағы күдікті ұсталды