1053

Ер адам мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап жүрген

Түркістан облысында бірнеше мешітке ұрлыққа түскен жігіт анықталды.

Ер адам мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап жүрген
canva.com

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Полицейлер криминалистикалық әдістердің көмегімен Келес және Сарыағаш аудандарындағы мешіттерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады.

Күдікті Келес ауданының мешітіндегі садақа жәшігінен 60 мың теңгені, Сарыағаш ауданы мешіт имамының қызметтік бөлмесіндегі сейфте тұрған, яғни қайырымдылыққа жиналған 270 мың теңгені ұрлап кеткен.

Жедел уәкілдер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, нәтижесінде Сарыағаш ауданы Тасқұдық ауылының тұрғынын ұстады.

Бүгінгі таңда жігіт қамауда, тергеу жалғасып жатыр.