Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті

12.03.2024, 15:45
855
Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті nationalbank.kz

Биыл ақпан айында жылдық инфляция 9,3% дейін баяулады және Ұлттық банк базалық ставканы 14,75% дейін төмендетті

Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«2024 жылғы ақпанда жылдық инфляция 9,3% дейін баяулады. Инфляция мен инфляциялық күтулердің төмендеуіне байланысты Ұлттық банк ақпанда базалық ставканы 14,75% дейін, яғни 50 базалық тармаққа төмендетті», – деді Т.Сүлейменов бүгінгі Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол жылдық инфляцияның баяулау қарқыны азайғанын атап өтті. Ақпанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерден жоғары қалыптасты. Маусымдық және әкімшілік факторлардан басқа нарықтық тауарлар мен қызметтер бағасы тез өскен.

«Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жұмсарту мүмкіндігі айтарлықтай шектеулі. Инфляция факторларының қалыптасқан балансы, оның айлық қарқынының динамикасы алдағы уақытта шешім қабылдауда базалық ставканың сол деңгейде сақталу ықтималдығын арттырып отыр. Деректерді жинау, экономикалық және фискалдық реформалардың іске асырылуын мониторингтеу қажет», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды