"Ердостың тісі сынып, Еркіннің көзі көгерді": Бағлан Әбдірайымов жас кезінде бұзық болғанын жасырмады

13.03.2024, 09:43
3276
"Ердостың тісі сынып, Еркіннің көзі көгерді": Бағлан Әбдірайымов жас кезінде бұзық болғанын жасырмады baglan_abdraimov_official/

“Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов жас кезіндегі қызықтарын еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Өнер иесі бала күнінен күреске бейім болып, достарын түрлі төбелестен қорғап қалған екен.

“2001 жылы еңбек жолымды кафеде музыкант болып бастағанмын. Ол кезде бір әнге тапсырыс беру құны 200 теңге еді. Сол кездері күніне аз дегенде 2000 теңге табатынбыз. Алатын стипендиям – 3500 теңге. Күндіз оқу, түнде жұмыс. Түріміз мейірімді болғанымен, бір кісідей бұзық едік. Кафеге келген талай клиент жағадан алып, мазаны алатын. Ердостың тісі сынып, Еркіннің көзі көгеріп, Айдар гитарасын құшақтап талай тепкіден де өткенбіз. Үшеуіне мен қарайтынмын Еркін ерегіседі, мені төбелестіреді. Айдар мен Ердос жазықсыз ілініп кететін. Қанаттарын қатайтып, адам қатарына қостық қой, әйтеуір. Қазір ғой бәрі – қажы. Бала болсақ та, шын дос болдық. 2000 жылдан бері бір нанды бөліп жеп келеміз. Кейін барып Еркін икра қосылған нан жегісі келіп кетті. Уақыт өте нанды бөлек жесек те, дастарханымыз бір болды”, – дейді әнші.

Досының жазбасына Еркін де жауап қайтарып, алғыс айтты. Ал желі қолданушылары мәңгі дос болып қалуды тілеп жатыр. 

“Еркіндігімді ешжерде, ешкімге берген емеспін ғой, Аллаға шүкір! Ал енді мен үшін не істемедіңдер үшеуің? Тәттінің тәттісін, ащының ащысын, орынның жайлысын бердіңдер. Ризамын достарым!”, – деп жазды Еркін Нұржанов. 

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?