Наурыз мейрамында қосымша пойыздар қатынайды

13.03.2024, 09:56
846
Наурыз мейрамында қосымша пойыздар қатынайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Наурыз мейрамында қосымша жолаушылар пойыздар мен электро пойыздары қатынайды

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

«Наурыз мейрамы» кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз енгізіледі. Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

-№201/202 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Астанадан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 17:20-да келеді, кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;

№203/204 «Астана-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 18, 21, 24 наурызда сағат 22:52-де келеді, кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнелтіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;

-№205/206 «Ақтөбе-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді, кері бағытта Шымкенттен 21, 24 наурызда сағат 22:20-да жөнелтіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 237 қосымша вагон қосылады.

Солтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

-№45/46 «Павлодар-Түркістан» жолаушылар пойызына 20, 25 наурыз аралығында;

-№139/140 «Павлодар-Пресногорьковская» жолаушылар пойызына 21, 25 наурыз аралығында;

-№354/353 «Астана-Семей» жолаушылар пойызына 21, 25 наурыз аралығында;

-№623/624 «Астана-Петропавл» жолаушылар пойызына 20, 24 наурыз аралығында.

Батыс аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

-№22/21 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;

-№24/23 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызы 21, 25 наурыз аралығында;

-№34/33 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;

-№37/38 «Маңғыстау-Семей» жолаушылар пойызы 22, 24 наурыз аралығында;

-№47/48 «Атырау-Астана» жолаушылар пойызы 21, 23 наурыз аралығында;

-№313/314 «Маңғыстау-Атырау» жолаушылар пойызы 20, 23 наурыз аралығында;

-№614/613 «Орал-Маңғыстау» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;

-№692/691 «Ақтөбе-Атырау» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында.

Оңтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

-№87/88 «Алматы-Сарыағаш» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;

-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;

-№351/352 «Алматы-Өскемен» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;

-№21/22 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында.

Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша қосымша электр пойыздары қосылады:

-№7509 «Павлодар-Астана» электр пойызы бір бағытта 10, 24 наурыз;

​-№7510 «Астана-Павлодар» электр пойызы бір бағытта 20, 21 наурыз;

 ​-№6805/6806 «Астана-Көкшетау» электр пойызы 20, 25 наурыз;

​-№6811/6812 «Астана-Бурабай курорты» электр пойызы 21 наурыз.

Қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталды. Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды