«Душта жуынып жатқан»: Семейде ыстық су құбыры жарылып, бес жұмысшы жоғарғы қабаттан секіріп кетті

13.03.2024, 11:42
1033
«Душта жуынып жатқан»: Семейде ыстық су құбыры жарылып, бес жұмысшы жоғарғы қабаттан секіріп кетті Бейнежазбадан

Семейде ыстық су құбыры жарылып, бес жұмысшы биіктен секіріп кеткен.

КТК телеарнасының мәліметінше, оқыс оқиға қаладағы құрылыс материалдарын шығаратын зауытта болған. Бес жұмысшы душта жуынып жатқанда ыстық судың құбыры жарылған екен. Ыстық судан қашқан жұмысшылар есікке жете алмай екінші қабаттағы бөлменің терезесін сындырып секіріп кеткен. Жұмысшылардың барлығы темір-терсек пен шынының үстіне түскен.

Жерге түстік. Цемент, қоқыстың үстіне. Бірінші қабатта жөндеу жасаған. Түгелі шашылып жатты. Шыны да, темір де. Қазір бір аяғым екі жерден сынған. Сіңірлерім үзілген. Бесінші қабырға сынған. Ота жасауға дайындап жатыр, – дейді жарақат алған жұмысшы Дулат Күйіков.

Ауруханаға жеткізілген бес жұмысшының төртеуі ауыр жараланған. Бір науқасты жансақтау бөлімінде жатыр. 

Түрлі жарақатпен түсті.Бас жарақаты. Сынықтар. Омыртқасы, өкшесі де, қолы, асықты жілігі сынған. Денесі жарақат алған. Әйнектер тіліп кеткен, – дейді сынық-жарақат бөлімінің дәрігері Дәмір Сыдықов.

Науқастардың құлан-таза айығып кетуіне біраз уақыт керек. Ал олардың жақындары зауыт басшылығы тарапынан өндірістік жарақат алған жұмысшыларға ешқандай көмек көрсетілмегенін айтады. 

Директор бізге ешқандай өтемақы төленбейді деді. Тексеріс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Олар қызметкерлерінің ауруханада жатқан күніне ғана ақша төлемек. Қазір жұмысқа жарамайды. Қалпына келу үшін үш жарым ай керек. Ал дәрі-дәрмекті қалтамыздан сатып алып жатырмыз. Үш балам бар. Басшылық жарақат алған қызметкерлерін қолдауға тиіс қой, – дейді жәбірленушінің әйелі Сандуғаш Баймағанбетова.

Мекеме басшылығы жараланған жұмысшыларына заң аясында қолдау болатынын жеткізді. Олар жазылып жұмысқа шыққанша, еңбекке жарамсыздығына байланысты ақы төлеп отырмақ. Оқиғаға қатысты облыстық еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрылып тексеріс басталғанын жеткізді.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады