"Бір көзін ашуға әлі жетті": Гүлмира Дайрабаева ұлы екеуі өмір үшін қалай күрескенін айтты

13.03.2024, 16:52
6564
"Бір көзін ашуға әлі жетті": Гүлмира Дайрабаева ұлы екеуі өмір үшін қалай күрескенін айтты Бейнежазбадан

Отандық танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева екінші ұлын босанған кезін еске алып, перзенті екеуі өмір үшін қалай күрескенін айтып берді.

БАҚ өкілінің баласын дүниеге келген бойда бірден жансақтау бөліміне алып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Гүлмира Дайрабаева басынан өткен ауыр кезең жайлы жан сырын "Қаракөз" подкастында ақтарды.

Тележүргізуші екінші ұлын босанарда үлкен сынаққа тап болған. Перзенті ауыр жағдайда дүниеге келіп, алты күн бойы көзін ашпай жатқан.

"Үш күннен кейін қасыма сұрап алдым. Баланы ауыр жағдайда жансақтау бөліміне алып кеткен болатын. Сол кезде перзентханада бәрі балаларымен жатыр, "менде баламды қасыма алсам бола ма" деп өтініп сұрадым. Олар маған қолхат жазуымды талап етті. "Егер бір нәрсе болса, дәрігерлер кінәлі емес" деп жазып беруімді сұрады. Оған да көндім. Баламды вакууммен алып келді. Мен оның қасына тұрып, жынды адам сияқты билеймін. Анам тоқып берген шұлығын кигізіп қоямын. Аяғын қышытсын деп әдейі кигіздім. Сосын оған сөйлеймін, әңгіме айтамын. Менде ұйқы жоқ. Босанғаннан кейін алтыншы күні көзін ашты. Бір көзін ашуға әлі жетті. Сол кезде балам күресіп жатқанын түсіндім. Бәрі жақсы болатынын сездім. Бұл екінші баламмен болған дүние. Енді үшінші бала тууға маған тыйым салынған. Бірақ екінші ұлымның денсаулығымен жүгіріп жүргенде тағы аяғым ауыр болып қалды. Дәрігер маған қыз деген соң, тағы көніп келістім", - деді Дайрабаева. 

Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар»