1383

Студенттердің шәкіртақысы тағы да өсетін болды

Қазақстандық студенттердің шәкіртақы мөлшерін ұлғайтуды көздейтін Үкімет қаулысына түзетулер жобасы жария талқылауға шығарылды.

Студенттердің шәкіртақысы тағы да өсетін болды
canva.com

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Жоба «Ашық НҚА» порталына шықты.

Бұл ретте шәкіртақыны ұлғайту 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап көзделіп отыр.

Құжатқа сәйкес, студенттердің мына санаттары үшін шәкіртақы мөлшерін өзгерту жоспарланған:

Бакалавриат – 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 54 205 теңге;

Педагогикалық мамандықтардың студенттеріне – 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 86 940 теңге;

Магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 123 120 теңге;

Докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 мың теңгеге дейін.