Роза Рымбаева Мақпал Жүнісова туралы пікірін айтты

14.03.2024, 11:10
1379
Роза Рымбаева Мақпал Жүнісова туралы пікірін айтты ашық дереккөзден

Әнші Роза Рымбаева өзінің замандас әріптестері Нағима Есқалиева мен Мақпал Жүнісова жайлы пікірін айтты

Massaget.kz хабарлауынша, Роза Рымбаева Мақпал Жүнісова жайлы Есқалиеваның «Мақпал халық әртісі емес» деген пікіріне келіспейтінін жеткізді. Мақпал Жүнісованың халық алдында өз орны барын айтып, оның сұранысқа ие өнер адам екенін атап өтті.

«Нағиманың 70 жас мерейтойында «Мақпал халық әртісі емес» деген сөз тарады. Нағима олай айтпай-ақ қою керек еді. Ол – халық әртісі, халықтың сүйіктісі. Ол бізге қарағанда анағұрлым сұранысқа ие әнші. Қандай ән таңдау керек екенін, оны кімге шырқау керек екенін біледі. Ол өз ісінің нағыз шебері. Үшеуміздің де сахнада жүргенімізге 50 жылдай уақыт болды. Бізде өзара сыйластық болу керек. Мен екеуінде қатты жақсы көремін. Нағиманың да, Мақпалдың да дауысы мен сұлулығына тәнтімін. Олармен жақын араласатыныма қуаныштымын. Бірақ үшеуіміз отырып, бірге шай ішкен емеспіз. Десек те гастрольдерде сапарлас болып қаламыз. Егер қыздар Алматыда болса, мен шайға шақыруға дайынмын. Бір ғана нәрсе айтамын, біздің арамызда шығармашылық бәсекелес бар. Оның болғаны да жақсы. Бір өнер жолында жүргенімізбен саламыз әртүрлі. Репертуарымыз, бағытымыз бөлек. Даусымыз ұқсамайды. Нағима екеуіміздің достығымыз «Гүлдер» ансамблінен бері келе жатыр», - деді әртіс Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды