1491

"Боқтаса да қашыңдар": Меруерт Түсіпбаева қыз-келіншектерге кеңес берді

Қашан да қоғамдағы даулы мәселелерге қатысты өз ойын айтудан қалыс қалмайтын Меруерт Түсіпбаева қазақ әйелдеріне ақыл айтты.

"Боқтаса да қашыңдар": Меруерт Түсіпбаева қыз-келіншектерге кеңес берді
Меруерт Түсіпбаева

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Қайда қарасаң да - жапа шеккенден сорлы айелдер…. Құдай сақтасын, кейбір қазақтың еркектері не болып кеткен?! “Болашақ “стипендиясын алып , шетелде оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу бауырымыздың ісі анау. Енді отыр, ештеңе көрмедім , ештеңе білмедім деп…. Қыздар! Ұрмақ түгілі, боқтап жіберсе де - бітті, уносите ноги !! Қашыңдар! Адам өзгермейді! Аяқтарыңа жығылып , құран ұстап жалынса да, 8-9 балаңыз етекке оралып жатса да! Қашу керек!тӘйтпесе тым кеш болады!" - деп жазды әнші.