«Әкемнің бөрігі мен шешемнің орамалын сақтадым»: Тоқтар Серіков марқұм ата-анасын айтып, көзіне жас алды

Аиса Махамбет Редактор
14.03.2024, 15:14
3865
«Әкемнің бөрігі мен шешемнің орамалын сақтадым»: Тоқтар Серіков марқұм ата-анасын айтып, көзіне жас алды жеке Instagram парақшасынан

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тоқтар Серіков марқұм ата-анасын еске алып, қандай отбасыдан шыққанын “1001 түн” бағдарламасына айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі марқұм анасын айтып, эфирде жылап қалды. 

“Әлеуметтік желіде шарлап жүрген шешем екеуіміздің суретіміз бар. Ол кісінің дүниеден өтерінен 3 күн бұрын түскенбіз. Өзім де әкемін. Бірақ шешеме қатты еркелейтін едім. Қолымды омырауына салып жіберіп, ұстап жататынмын. Иіскеймін, еркелетемін. Оны көрген Бейбіт пен ұлдарым ішек-сілесі қатып күлетін. Қазір бәрін сағынамын. Әкемнен қалған бөрік пен шешемнің шай орамалын үйіме сақтап қойдым. Соңғы сәттерде киген көйлегін жудырмай алып қойдым. Иіскеп, сағынышымды басамын. Түсімде көргім келеді. Өзімнің бала-шағам болса да, соларды сағынып тұрамын”, – деп толқыды әнші. 

Сонымен қатар әншінің жары, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Бейбіт Сейдуәлиева да енесінің керемет адам болғанын айтты. 

“Ол кісі мен келін болып түскен күннен бастап қатты құрмет көрсетті. Танымал адам, халықтың алдында жүреді деп үнемі қамқорлық жасап отыратын. Ауыр жұмыс істеткізбейтін. Ауылға барғанда Тоқтар көлікпен, мен пойызға мінемін. Сол кезде енем “Генерал келін келе жатыр” деп абысындарымды аяғынан тік тұрғызатын көрінеді. Әлі күнге дейін сағынамын. Біздің қолымызда болып, содан кейін ауылға кеткісі келді. Сол кезде менің бетімнен емес, маңдайымнан сүйді. Әдетте тек бетімнен сүйетін. Қолын жайып тұрып, батасын берді. Сол кезде соңғы сапарға кететінін біліп жүр екен ғой”, – деп жылап қалды Бейбіт. 

Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді