«Хабар» арнасындағы даулы шоу жабылды: Әшімбаев журналистер жазалана ма деген сұраққа жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
14.03.2024, 19:50
828
«Хабар» арнасындағы даулы шоу жабылды: Әшімбаев журналистер жазалана ма деген сұраққа жауап берді бейнежазбадан алынған кадр

Журналистер мен редакторлардың жазалануына қатысты Мәулен Әшімбаев пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сенат отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев «Хабар» телеарнасындағы дау тудырған «Бірақ…» ток-шоудың жабылуына қатысты пікірін білдіріп, журналистер мен бағдарлама редакторлары жазалана ма деген сұраққа жауап берді.

– «Қазақстан» және «Хабар» сияқты телеарналардың қызметіне күмән келтіруге негіз жоқ – егер кемшіліктер болса, ол туралы айту керек, өз көзқарасымызды білдіруге, қандай да бір ұстанымды айтуға құқығымыз бар. Қазіргі қоғамда бұл қалыпты жағдай. Бірақ конструктивті болуы керек.(..) 

«Хабарда» тиісті шаралар мен шешімдер қабылдайды деп ойлаймын (журналистер мен редакторлар жазаланатынына қатысты – ред. еск.). Бұл мәселе Мәдениет және ақпарат министрлігінің бақылауында, телеарна басшылығы мен министрлік барлық жауапкершілікті сезінеді,деді Әшімбаев. 

Сенат төрағасына қазақстандықтардың салықтарымен қамтамасыз етілген, сонымен қатар осындай контент дайындайтын мемлекеттік арналар елімізге қаншалықты қажет деген сұрақ қойылды.

– Қазір бұл тақырып біздің қоғам үшін өзекті, бірақ бұл жағдайға байланысты барлық мемлекеттік арналарды бірден кінәлау мүмкін емес – олар ақпараттандыру, елдегі кез келген жағдайды көрсету бойынша өздерінің нақты қызметтерін орындайды. 

Қалыпты мемлекетте өз қызметін заңға сәйкес ұйымдастыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ, блогерлер болуы керек, сондықтан тараптар қорытынды жасады деп ойлаймын, – деп қосты Әшімбаев. 

Бұған дейін «Хабар» телеарнасында болған келеңсіздік туралы Әйелдер мен балаларды қолдау орталығының басшысы Анна Рыль айтқан болатын. Оның айтуынша, «Бірақ…» ток-шоуының кейіпкері – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қазақ әйелі. Ток-шоуға қазақ келіншегі бетін жауып, күйеуі студияға келмейді деген шартпен ғана өз оқиғасын айтуға келіскен.

Бірақ шоу кезінде әйел өзінің жағдайын айтып жатқанда, күйеуі кіріп келеді, бұл бағдарлама тікелей эфирде болғандықтан, әйел үшін де, әлеуметтік қызметкер үшін де, бәріміз үшін де күтпеген жағдай болды, дейді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды