Алматылықтар паранойяға душар болды: Психолог жер сілкінісінен қорқып қалған тұрғындарға кеңес берді (видео)

Аиса Махамбет Редактор
14.03.2024, 20:25
511
Алматылықтар паранойяға душар болды: Психолог жер сілкінісінен қорқып қалған тұрғындарға кеңес берді (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда бірнеше рет жер сілкінгеннен кейін үркіп қалған тұрғындар аспашамға қайта-қайта қарап, беймаза сезімді бастан өткеріп жүргендерін айтады. Олардың сөздерінше, жер дүмпуі болмаса да, әлі күнге дейін жер сілкініп тұрғандай күй болады. Психолог табиғи апаттардан кейін болатын мазасыздықты қалай сейілтуге болатынын түсіндірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде “Алматылық паранойя” атты видео белсенді түрде тарап, қазақстандықтардың көңілінен шықты. Видеода жер сілкінгеннен кейінгі тұрғындардың жай-күйі мен реакциясы көрсетілген. Алматылық жер сілкінбесе де, маза-құты қашып, қайта-қайта люстраға қарайды.

“Қазақстанда жаңа вирус пайда болды. Бұл “алматылық паранойя” деп аталады. Жер сілкінгеннен кейінгі қорқыныштың кесірінен адам қайта-қайта люстраға қарай береді”, – делінген пост жазбасында.

Желі қолданушылары видео пікір жазып, жер дүмпуінен кейінгі әсерін бөлісті.

“Осының салдарынан 9-қабаттағы пәтерімді сатып, 1-қабаттан баспана алдым”, “Бүгін жұмыста дәлізде келе жатқанымда, айналам дірілдеп, бәрі сілкініп жатқандай сезім пайда болды. Расымен жақында паранойя боламын-ау”, “Әсіресе түнде жатар кезде осындай сезім болады, шам жағып, люстраға қарауды әдет қылдым”, “Ұйықтайын деп жатсам, дауыстар естіп, тағы жер сілкінген шығар деп ойладым. Сөйтсем жүрегім дүрсілдеп жатыр екен. Жүрек дүрсілі тіпті жастықтан естіліп жатыр. Қорқыныш...”, “Дабылға қарағанда аспашам (люстра) сенімдірек” – деп жазды желідегілер.

Психолог не дейді?

Кенеттен пайда болатын жер сілкінісінен кейін адам кішігірім шок алып, қорқатыны заңдылық. Өйткені адреналин және норадреналин деңгейі көтеріліп, өз қауіпсіздігі үшін алаңдайды. Психолог Жанар Смайыл табиғи құбылыстан кейін пайда болған қорқынышты құнсыздандырмауға және оны жоққа шығармауға кеңес берді. 

“Тұрғындардың жердің қайтадан сілкінуінен қорқуы қалыпты нәрсе. Өйткені психика оның қайталануына дайын емес, бұл күйзелісті тағы өткергісі келмейді. Соның салдарынан денеге қысым түсіп, бойын үрей билейді, ұйқысы да бұзылуы мүмкін. Қысқаша айтқанда психо-эмоционалдық тұрғыда тұрақсыздықты бастан кешеді”, – деді маман.

Оның айтуынша, адам бойдағы үрейді, эмоцияларын жасырмауға тиіс. Қорқынышты сейілту үшін оны ашық айтып, жақындарына немесе психологке бөлісу маңызды. Сондай-ақ жер дүмпуіне, төтенше жағдайларға дайындалу керек дейді ол. Себебі ми адамның ондай сәттерге дайын екенін түсінгенде шектен тыс уайымға салынбайды.

“Адам өзінің шамасы жеткенше қауіпсіздік шараларын бірігіп орындап, дабыл сөмкесін жинағаны дұрыс. Сол кезде өзіне деген сенімі арта бастайды”, – деді Смайыл.

Сөзінше, осындай төтенше жағдайдан кейін бірден бұрынғы ритмге келіп, қалыпқа түсу тұрғындарға қиындық туғызады. Сол үшін қазіргі сәтпен өмір сүріп үйрену керек.

“Осындай апатты оқиғадан соң өткен шақта қалып кетпеу керек, алайда болашақты да алаңдай берудің қажеті жоқ. Бүгінмен өмір сүріп, оның өмірінде не маңызды және не құнды екенін айқындау қажет. Жұмысы мен отбасына, жақындарына, мақсаттарына мән берген жөн. Сол кезде өмірдің маңызын да түсінеді”, – дейді маман.

Психолог жер сілкінісі туралы ақпараттарды, видеоларды немесе апаттар жайындағы фильмдерді көрмеуге кеңес береді. Өйткені ол қорқыныш сезімін одан сайын ұлғайтатын көрінеді.

“Адамның мұндай контентті тұтынуы сол кезеңде алған травмадан, яғни қорқыныштан шыға алмауын көрсетеді. Бұл өзімізді одан да нашар сезінуімізге мәжбүр етеді. Миымыз контенттегі түрлі қорқынышты оқиғаларды елестетіп, адамның өзі жүргендей сезімді туғызады, соның кесірінен қорқынышы ұлғаяды. Үрей мен уайым қазіргі сәтте өмір сүруге кедергі жасайды”, – деді ол.

Қорқып қалған жақындарымызға қалай көмектесе аламыз?

Ол балаларға мұндай кезде қалай әрекет ету және қандай шара қабылдау қажет екенін түсіндіру маңызды дейді. Әрі бала үшін басты қорғанышы ата-анасы болғандықтан, онымен ашық сөйлескен жөн екенін түсіндірді. 

“Баланың немесе жақындарыңыздың ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отбасымен бірге уақыт өткізіп, бұрынғы істерді жалғастырған дұрыс. Яғни отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді жандандыру керек. Бұрынғыдай кешкі серуендер, дастархан басындағы әңгімелер жалғасын тапқаны абзал. Сол кезде балада “бәрі бұрынғыдай” деген түсінік туындап, көңілі жай табады”, – деді Жанар Смайыл.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады