Астана әкімі су тасқынына дайындығы туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
15.03.2024, 10:09
682
Астана әкімі су тасқынына дайындығы туралы айтты gov.kz

Биыл Астана «Венецияға» айналмайды деген үміт бар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында су тасқынына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны туралы мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, биыл қар былтырғыға қарағанда көп жауған. Көктемде де жауын-шашын көп жаууы мүмкін.

«Биыл қыста қар ерекше мол жауды. Мәселен, өткен жылдың осы кезеңінде 3 млн 800 мың текше метр қар шығарылса, биылғы қысқы маусымда 6 млн 200 мың текше метрден астам қар шығарылды. Яғни екі есе көп!

Қазгидромет болжамы бойынша, наурыз бен сәуір айларында да жауын-шашын мол жауады. Жалпы, жыл басынан бері жауын-шашын мөлшері нормадан 2 есе көп болды. Осыған байланысты қалада су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатыр.

Өткен жылдармен салыстырғанда су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны 20-ға дейін азайды. Олар – Алматы ауданындағы 5 учаске, Байқоңырдағы 4 учаске, Нұрадағы 6 учаске, Сарыарқадағы 3 учаске, Есіл ауданындағы 2 учаске», - деп жазды Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Әкім су ағызуға арналған арықтар мен құдықтар тазартылып жатқанын айта кетті.

«Қазіргі уақытта шамамен 45 мың погондық метрден астам арық-науа желісі, 2 мыңға жуық бақылау және жаңбыр қабылдайтын құдық тазартылды, 8 мың погондық метрге жуық коллектор жуылды. Сонымен қатар, «Нұра-Есіл» каналы мен «Майбалық» көлі арасында орналасқан каналды қардан тазарту жұмысы, нөсерлі кәріз жүйелеріне заңсыз кірме жолдарды анықтау және т.б. жүргізіліп жатыр.

Аталған жұмыстың бәрі жүріп жатыр. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б. тұрақты дайындықта. Елді мекендер мен су тасқыны қаупі бар учаскелерге ерекше көңіл бөлінеді», - деп жазды Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды