"21 күн босқа азап көріп жүрдім бе": тобығы жарылған Роза Әлқожа сынықшының көмегіне жүгінді

Аиса Махамбет Редактор
15.03.2024, 17:32
1482
"21 күн босқа азап көріп жүрдім бе": тобығы жарылған Роза Әлқожа сынықшының көмегіне жүгінді жеке парақшасынан

Әнші 40 күн гипспен жүрмекші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Роза Әлқожа осыдан үш апта бұрын тобығын жарып алғанын айтқан болатын. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында әлі күнге аяғы жазылмағанын жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

"Соңғы кезде шауып, шапқылап жүрудің қадірін әбден түсіндім-ау. Үш жеті бойы көтерсем де, төмен түсірсем де, қақсаған аяғым гипстың ішінде әбден қиналыпты. Алдыңғы күні травматолог дәрігерге барып, "20 күн болды ғой. Шешіп көрейік" дедім. "Тобық теп-тегіс боп, ісіп, көгеріп тұр ғой. Түк өзгеріс жоқ. Кальций іштіңіз де өзі?" дейді.

Көңіл-күйім түсіп кетті. Тағы 40 күнге жаңа гипс салып берді. Ештеңеге зауқым болмай, үйде жаттым. Снимокты бір сынықшыға жіберсек, "Қызыл асық орнынан тайып кеткен. Соңғы екі башпайдың шыбығы айналып кеткен" дейді. Сонда 21 күн босқа азап көріп жүрдім бе? Сол кісіге бардым. О, құдірет! Екі рет шаңқ ете қалғаным болмаса, жаным жай тапты ғой", – деп жазды Роза Әлқожа. 

Еске сала кетейік, әнші ақпан айында аяғын қайырып, тобығын жарып алғанын айтқан болатын.

Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар»