"200 миллион теңге айыппұл төлейді": Құралай Анарбекова киносын заңсыз таратқан алаяқтарды ұстады

Аиса Махамбет Редактор
15.03.2024, 18:48
1189
"200 миллион теңге айыппұл төлейді": Құралай Анарбекова киносын заңсыз таратқан алаяқтарды ұстады жеке парақшасынан

Танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова “Брат или брак 3” фильмін заңсыз жолмен таратқан алаяқтарды сотқа берді. Бұл туралы “Ревю” бағдарламасына айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кинопродюсердің жарық көрген жобасы ел ықыласына бөленген еді. 

“Бұл жағдай бізді алаңдатты. Мен мұндай жағдай боларын алдын ала болжап, фильмді заңсыз көрсетуге қарсы компанияны жалдадым. Телеграм немесе тағы да басқа да әлеуметтік желілерде шығып жатса, бірден парақшасы бұғатталады. Қазіргі уақытта киномыз желіде жоқ. Бірақ кейбір Telegram-каналдарға шығыпты. 2-3 мың қаралым болған парақшаларды таптық. Енді нақты ол адамды сотқа беріп, үстінен 220 млн теңге айыппұл салдырып жатырмыз", – деді кинопродюсер. 

Айта кетейік, қазақ кино саласын дамытып жүрген продюсер Дариға Бадықова, Гүлнұр Мамасарипова да киноларының заңсыз таралып кететінін айтып, дабыл қаққан еді. 

“Біздің киноларымызды YouTube, Telegram желілеріне жүктеп жатқандардың есебі жоқ. Біз қашан адам боламыз?! Біреудің еңбегіне осыншама қастандық жасауға бола ма?! YouTube желісінен осы уақытқа дейін 60-қа жуық видеожазбаны бұғаттадық. Сонда да таусылмайды. Ел де көруге құмар. Санамыз қашан өседі біздің?! Біз авторлық құқықты қорғай алмайтын қоғамда өмір сүреміз. Telegram-ға түк те істей алмай жатырмыз. Ол жақтағылар көшіріп, 500 теңгеге сатып жатыр екен. Түбін табу мүмкін емес. Мұндай қарақшылықты қолдамаңыздаршы, өтініш! Үйіңдегі дүние-мүлік пен қораңыздағы малды ұрлағанмен бірдей ғой”, – деп ренжіген еді продюсер Гүлнұр Мамасарипова. 

Еске салайық, Құралай Анарбекованың фильмі екі аптада 1 миллиард теңге жинаған еді.

8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады