"Ұрысқақ, абьюзер": Заңғар Нұртастың әйелі отбасылық өмірі жайлы айтты (видео)
Индира Мәуленова жұлдызды күйеуі туралы ел білмейтін жайттарды айтып, көпшілікті таңғалдырды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас келіншегінен отбасылық өмірі туралы сұрап, өзіне қатысты ойын білмек болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.
Заңғар Нұртас келіншегі Индирадан сұхбат алып жатқан видеосы Instagram желісінде тарап кетті. Онда күйеуі келіншегіне отбасылық өмірге қатысты сұрақ қойып жатқанын көруге болады.
"Индира ханым, отау құрғанымызға үш ай болып қалыпты. Осы уақыт аралығында барлығы көңіліңізден шықты ма", - деп сұрады Заңғар Нұртас.
Индира Мәуленова отбасылық өмірде бақытты екенін айтты.
"Иә, осындай күйеуім барына аса бақыттымын" , - деді ол.
Сонымен қатар Заңғар Нұртас өзі жайлы ел білмейтін жайттарды айтуын сұрады.
"Заңғар өте қырсық, ұрысқақ, абьюзер. Қалжың ғой, менің күйеуім ең мықты, керемет жан", - деп әзілдеді келіншегі.
Материал авторы