1142

Биыл Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар неше күн демалады

Қазақстандықтар Наурыз мейрамында бір аптаға жуық демалады.

Биыл Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар неше күн демалады
tengrinews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елімізде алдағы аптада Наурыз мейрамына байланысты мерекелік демалыс күндері басталады. Биыл ел тұрғындары мерекеге орай бес күн қатарынан демалады.

"Электрондық үкімет" порталындағы мерекелік күнтізбеге сүйенсек, биыл Наурыз мейрамы – 21-22-23 наурыз - бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне сәйкес келеді.

23 наурыз сенбіге түскендіктен, ел тұрғындары 25 наурыз дүйсенбі күні де демалады. 

Осылайша, биыл қазақстандықтар 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда, 5 күн қатарынан демалады. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет министрлігі бұдан былай Наурыз мейрамын жаңа форматта – 14-23 наурыз аралығында тойланатынын мәлімдеген болатын. 

Сондай-ақ наурыз айында қазақстандықтар мереке күндері мен демалыс күндерін қоса есептегенде, 14 күн демалатынын жазған едік.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор