«13 жылдан кейін есіме түсірді»: Қыдырәлі Болман ұлының кіндігін кескен сәтін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
16.03.2024, 11:31
1416
«13 жылдан кейін есіме түсірді»: Қыдырәлі Болман ұлының кіндігін кескен сәтін есіне алды бейнежазбадан алынған кадр

Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болман балаларының дүниеге келген сәтін еске түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі үшінші ұлының кіндігін өзі кескен көрінеді. 

“Қарақатым перзентханада толғатып жатқанда дәлізде дұға етумен болдым. Жарымның аман-есен жаны қалуын тілеп жатырмын. Анық 5-6 сағат сүре оқып отырғаным есімде. Таң ата көзім ілініп кетіпті. Медбике келіп, “Тұрыңыз, ұлды болдыңыз!” деді. Сасқанымнан атып тұрыппын. “Балаңыздың кіндігін кесіңіз” деді. Өмірімде бірінші рет баламның кіндігін кестім. Осы күнге дейін әкесі кіндігін кесті деген сөзі естімеппін. Сөйтіп, Нұрәлиімнің “кіндік шешесі” атандым”, – деп күлді продюсер. 

Одан кейін әнші “кіндік шеше” атанғанын ұмытып, 13 жылдан кейін барып есіне түсірген. 

“Жыл сайын мерекелерде басқа балаларымыздың кіндік шешелері сыйлықтарды үйіп төгеді. Нұрәли ғана сыйлықсыз қалады. Оны біз де байқамаппыз. Бір күн ұлым: “Менің кіндік шешем кім, неге ол келмейді?” деп сұрады. Сол кезде барып, ұлымның кіндік шешесі өзім екені есіме түсті. “Мен едім сенің кіндік шешең. Ол туралы ұмытып кетіппін. Айып менен болды. Мен енді саған әкең ретінде бір сыйлық, “кіндік шешең” болғаным үшін тағы бір мәрте сыйлық беремін” деп уәде бердім. Енді маған кіндік шешенің міндеттеріне не кіретінін үйрену керек болды”, – деді медиаменеджер. 

Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті