Ердоғанның құлағына жеткен іс: Түркияда иесіз мысықты өлтірген адам сотталды

Аиса Махамбет Редактор
16.03.2024, 14:10
989
Ердоғанның құлағына жеткен іс: Түркияда иесіз мысықты өлтірген адам сотталды ашық дереккөзден

Сотта ер адам жүйкесі сыр бергенін айтып ақталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ыстамбұлда Эрос есімді қаңғыбас мысықты өлтірген адам сотталды. Бұл туралы El.kzақпарат агенттігі жазды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түсті. Мысық тұрғын үй кешенін паналайтын. Тұрғындар оны үнемі тамақтандырып жүрген. Ал 1 қаңтар күні мысық өлексесі табылды. Оны жергілікті тұрғын Ибрагим Келоглан өлтірген. Ол мысықты өлгенше тепкілеп, тұрғын үй кешенінің ауласында қалдырып кеткен. Адамдар оны бейнежазба камералары арқылы тауып алған.

Полиция қаскөйді қолға түсіріп, бұл оқиға әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті. Тіпті ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның құлағына жеткен. Ол әділет министрі Йылмаз Тунчке хабарласып, мұндай жауыздыққа барған адам жазалануы керектігін алға тартты. 

Ер адам сот алдында жауап берді. Алдымен ол бір жарым жылға бас бостандығынан айырылғанымен, кейіннен үкім шартты болып өзгерді. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырғаны соншалық, олар жаппай митингілерге шыға бастаған. 

Келоглан ісі қайта қаралып, ер адам шартты түрде екі жарым жылға сотталды, одан бөлек елден шығуға тыйым салынды. Сотта ол жүйкесі сыр бергенін айтып ақталған.

«Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады