"Біз де таяқ жедік" дегенді қою керек": Ер адам жастарды әскерге қызықтырудың жолын атады (видео)

Аиса Махамбет Редактор
16.03.2024, 14:53
1686
"Біз де таяқ жедік" дегенді қою керек": Ер адам жастарды әскерге қызықтырудың жолын атады (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Ер адам желіде ресейлік әскери жүйені жойып, Түркиядан, Әзірбайжаннан үлгі алу керек екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әскерде жағдай жасалмай, жастар әскерге бармайды деп сөз бастаған ер адам наразылығын білдіріп, видеоүндеу жасады.

Ол әскерге бармағандардың айыппұл арқалап, түрмеге тоғытылса да үкіметтің ешкімді бұндай шешіммен "жөнге" қоя алмайтынын айтады. 

"Не жағдай керек әскерде? Барсын, қиналсын дерсіз. Айналайын, оның барлығы СССР-дің жүйесі. Сенің айтып тұрғаның Ресейдің жүйесі. Ол – адамның құнын білмейтін армия. Ал мына НАТО, батыстың, Еуропа, Америка демей-ақ қояйын. Қарапайым, Түркия, Әзірбайжанның, Қытайдың армиясында айдың - күннің аманында үйге өлтіріп тастап әкеп бермейді. Ол әскери құпия деп бетіңе қарап отырмайды", - деген ол  әскердеге барған адамның қауіпсіздігіне жауапты күшейту керектігін айтты.

Сондай-ақ ол Оңтүстік Кореяны да мысалға алып, ол жақта да әскерге жағдай жасалғанын айтты.

"Ресейден қалған киім-кешек, қару-жарақпен жаттығуға бару, ұрып соғу, одан қалды дұрыс мәзірі жоқ. Сіз айтуыңыз мүмкін, біз де таяқ жедік деп. Айналайын, оның бәрін қалтаңа салып қой. Қазір заман басқа, қоғам басқа. Баяғыдай ел надан емес баласын өлтіріп тастаса үндемей отыра беретін", - деген ол алдымен әскерде қауіпсіздік, тамақ, киім кишек жөнге қойылуы керек екенін айтты.

Автор бұрынғы өлместің күнін көретін  заман өтті деген пікірді алға тартты.

"Әншейінде батыстың үлгісі дейді ғой. Ендеше алсын осы әскери үлгіні үкімет Ресейге жалтақтай бермей, қалған-құтқан методикасын ала бермей. Сонда ғана жастар барады әскерген. Сонда ғана патриоттар шығады. Ал енді тігінен барып, көлденеңнен кеп жатса, ешкім барғысы келмейді. Бір жыл бас бостандығынан айыр, он жыл бас бостандығынан айыр, жастар бәрібір бармайды", - деп сөзін тәмамдады  ол.

Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті