"Тирандыққа, абьюзерлікке қарсымын": әнші Нұрболат Қанай қоғамда дау тудырған әні туралы пікір білдірді

Аиса Махамбет Редактор
16.03.2024, 20:10
1548
"Тирандыққа, абьюзерлікке қарсымын": әнші Нұрболат Қанай қоғамда дау тудырған әні туралы пікір білдірді бейнежазбадан алынған кадр

Көпшілікке Qanay лақап есімімен танымал әнші Нұрболат Қанайдың осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын жарыққа шыққан әнінің сөзі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Өнер иесі KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, дау тудырған әннің сөзі мүлдем басқа мағынада жазылғанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әншінің Undeme атты әнінің бейнебаяны 2022 жылдың сәуірінде жарыққа шыққан. Бүгінге дейін клип 1,5 млн қаралым жинап үлгерген.

"Үндеме, ашуым келген кезде маған, сөйлеме,

Тыныш отыр, құйрығыңды қысып, сен! 

Негізі терең кірсең, жүрекке, ақкөңіл жанмын, аңқау, қасқа... 

Ұйқыны тіреп жатқанда, оятпашы, тек мені, қаным қайнайды. 

Еркелеп, оятып алсаң ғана тұрып аламын, сені сүйіп

Маған керек жай жылуың, үйге талып келгенде...", – делінген әннің мәтінінде. 

Youtube желісінің қолданушылары әннің сөзін қызу талқылап жатыр. 

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық гимні екен", "Үндеме, әйел" деу, отбасылық зорлыққа әкеледі", "Құйрығыңды қыс дегені ұнамады", "Ер адамға арналған өлең сияқты", - деп жазды желідегілер.

Әнші Ақмаржан Күшербаева Instagram-дағы парақшасында әннің сөзін талқыға салды. 

"Қылмыстық кодексте зорлықты насихаттағаны үшін арнайы 313 бап бар. Филологтар әділ бағасын береді деп ойлаймын. Әннің сөзінде зорлыққа шақыру әрекеті бар. Уәкілетті органдардан аталмыш әнді тексеруді сұраймыз", – деп жазды Ақмаржан Күшербаева.

Ал Нұрболат Қанайдың өзі аталмыш әніне қатысты қоғамдық дауға пікір білдірді. Өнер иесі әйелдерге тұрмыста көрсетілетін зомбылыққа қарсы екенін жеткізді.

"Отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбындағы әнімді осыдан екі жыл бұрын шығардым. Абьюзерлердің күнделікті айтатын сөзін әнге қостым. Әннің мақсаты – отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбын көтеру. Адамдар дұрыс түсінбей жатыр. Бейнебаянды көрсеңіздер, қыз клиптің соңында жігіттен кетіп қалады. Мен қол көтеру секілді сәттерді бейнебаянда көрсетпедім. Алайда бейнебаян соңында қыз ол жігіттен кетеді. Менің түсінбегенім, жазған адамдар әлеуметтік желіде мені белгілеп кетпейді, неге өзіме хабарласпайды? Әнді қандай мақсатта шығардың деп неге сұрамайды?

Дәл осы тақырып қозғалатынын, дәл осындай әңгіме болатынын білдім. Алайда бейнебаян шыққан уақытта бұл тақырып көтерілмеді. Арада екі жылға жуық уақыт өткенде, талқыға салынып жатыр. Мен тирандыққа, абьюзерлікке қарсымын. Әрдайым әйелдерді қолдаймын", – деп жауап берді Нұрболат Қанай.

8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады