Жаңа рекорд: Жетісуда бір мезгілде 50 баланың тұсауы кесілді

17.03.2024, 10:14
1841
Жаңа рекорд: Жетісуда бір мезгілде 50 баланың тұсауы кесілді gov.kz

Елімізде тұсау кесуден жаңа рекорд орнады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 16 наурыз күні Наурызнаманың Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында бір мезетте 50 сәбидің тұсауы қатар кесілді.

Сәбилердің тұсауын өңірдегі ардагерлер, мәдениет, өнер, әдебиет және журналистика саласының қайраткерлері, атақты спортшылар, білікті дәрігерлер мен ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер т.б көпке танымал беделді азаматтар кесті. Бұл шара осындай ауқымда елімізде алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді. Тұсау кесу рәсіміне облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысқан.

Ұлттық дәстүр шарасы алдымен бүлдіршіндерге бата берумен басталды. Осы рәсімге арнайы келген «КИнЭС» Рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков елімізде осындай ауқымдағы тұсаукесер алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтіп: «Осыған орай 50 баланың бір мезетте бірдей тұсаукесері өткізілгені жайлы фактінің Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілгенін растайтын сертификат табыстаймын. Балалардың жолы ашық болсын!»  деп тілегін білдіріп, облыстық қоғамдық даму басқармасына арнайы сертификатпен бірге Қазақстанның рекордтар кітабының соңғы шығарылымын сыйға тартты. Осы күні алғашқы тәй-тәй қадамын жасаған балалардың ішінде талдықорғандық ұстаздар отбасы Нұржан Қамиев пен Гүлнұр Дәуренбекованың да кішкентай сәбиі бар.

- Бір жасар баламызды бүгін осы айтулы шараға арнайы алып келдік. Екі қыздан кейін дүниеге келген ұлымызға Мұрагер деп ат қойғанбыз. Мұрагеріміз Талдықорған қаласындағы №14 балабақшаның «Балапан» тобына барып жүр. Наурыздың онкүндігі аясында осы үлкен ауқымдағы тұсаукесерде сәбиіміздің өмірге алғаш қадам жасағынын жақсы ырымға балаймыз. Ұлымыздың алдағы  жолы ашық, болашағы жарқын болады деп сенеміз. Наурызды осылай он күн бойы ұлттық мазмұнда атап өту бастамасын қолдаймыз. Барша жұртшылықты Наурыз мерекемінен құттықтаймыз, - деді қуаныштан толқыған ата-ана.

Жалпы тұсаукесер - баланың өмірдегі жолы жеңіл және жарқын болуы үшін атқарылатын рәсім. Тұсауы кесілген кішкентай бала тез аяққа тұрып, үлкен өмірге нық қадам жасайды деп ырымдалады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды