Аустрияның жетекші компаниялары Қазақстанға қызығушылық танытып жатыр

17.03.2024, 11:31
1463
Аустрияның жетекші компаниялары Қазақстанға қызығушылық танытып жатыр gov.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Аустрияға сапары аясында құрылыс, логистика және машина жасау салаларындағы жетекші компаниялардың басшылығымен кездесті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Lasselsberger Group компаниясының бас атқарушы директоры Йозеф Ласселсбергермен сұхбат барысында Астанада керамикалық тақтайшалар, құрғақ құрылыс қоспалары мен құрылыс желімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы талқыланды.

Жоба импортты алмастыруға бағытталған және 200-ден астам жұмыс орнын құруды көздейді. Бұған қоса, металлургия саласындағы жоғары деңгейде өңдеу жобасын жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды.

Gebrüder Weiss компаниясының директоры Вольфрам Зенгер-Вайсспен кездесу барысында компанияның Қазақстанда мультимодальды жүк тасымалдауын кеңейту, сондай-ақ А класты қойма терминалдарының желісін ұлғайту жоспарлары талқыланды.

Сонымен қатар Plasser & Theurer компаниясының бас атқарушы директоры Йоханнес Макс-Тойрермен кездесу өтті. Тараптар еліміздің темір жолдарын цифрландыру бойынша пилоттық жобаның іске асыру барысын қарастырды. Жоба жоспарлы-сақтандырмалық жөндеу жұмыстарын оңтайландыруды, теміржол құрамдарының қозғалыс жылдамдығын мен қауіпсіздігін арттыруды көздейді.

М.Нұртілеу аустриялық бизнестің қызығушылығын құптап, жобаларға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Анықтама: Lasselsberger компаниялар тобы – шикізат, құрылыс материалдары мен керамикалық жабындардың жетекші өндірушілерінің бірі, оның құрамына әлемнің 27 елінде жұмыс істейтін 13 мыңнан астам қызметкері бар 67 өндірістік кәсіпорын кіреді.

Gebrüder Weiss компаниясының тарихы XV ғасырдан басталады. Компания көліктік-логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынады. Компанияның халықаралық желісі 34 елдегі 180 филиалды және 8 400 қызметкерді қамтиды. Компанияның айналымы 3 млрд еуродан асады.

Plasser & Theurer компаниясы – 70 жылдық тарихы бар және теміржол жолдарын күту, жөндеу мен салу үшін жолдық машиналарды өндіруде және шешімдер табуда әлемдік көшбасшы. Компанияның жолдық машиналары 110 елде жұмыс істейді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)