3 млрд теңге: «Астана-Теплотранзит» жылуға артық ақша алған

Аиса Махамбет Редактор
17.03.2024, 14:08
1020
3 млрд теңге: «Астана-Теплотранзит» жылуға артық ақша алған gov.kz

Астана тұрғындарының ақпандағы жылу тарифіне қатысты шағымдарынан соң, баға төмендетілетін болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жылу энергиясын жеткізуші «Астана-Теплотранзит» мекемесінің қызметін талдау барысында жауапты инспекторлар көрсетілген қызмет көлемінің артуына байланысты негізсіз алынған кірістерді анықтады.

Сондай-ақ жеке субъектінің теңгерімінде жоқ нысандарға бағытталған тариф сметасындағы қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны белгілі болды.

Осылайша, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, тұтынушылардың жалпы сомасы 3 млрд теңгеге жуық қаржысы тариф аясында қалпына келтіріледі.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті уақытша өтеу тарифін енгізу арқылы негізсіз алынған табысты қайтару бөлігінде, «Табиғи монополиялар туралы» заңға сәйкес шаралар қабылдады. Қабылданған шаралар тұтынушы үшін жылу тарифінің 8 пайызға төмендеуіне алып келді, – делінген министрлік хабарламасында.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды