«Оқушылар осы бетімен кетсе, Ауғанстан болатын күн алыс емес»: журналист оқушылардың ораза ұстауына қатысты

Аиса Махамбет Редактор
17.03.2024, 18:28
1703
«Оқушылар осы бетімен кетсе, Ауғанстан болатын күн алыс емес»: журналист оқушылардың ораза ұстауына қатысты matritca.kz

Журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы мектеп оқушыларының ораза ұстап, ауызашар жасап жүргенін айтып дабыл қақты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал журналист, Facebook желісінде белсенді Сәуле Әбілдаханқызы мектеп оқушыларының ораза ұстап, ауызашар жасауына қатысты пікір білдірді.

«Мектеп оқушыларына мешітке баруға, ораза ұстауға, ауызашар жасауға заңмен тыйым салу керек. Олардың міндеті - сабақ оқу!!! (Туған күнін кафеде яки үйде жасауға да тыйым салу керек. Сыныбында бір торт, бес сокпен атап өтсін, достары құттықтап, ақ тілегін арнасын, пажалыста, еш қарсылық жоқ...)

Бұрынғы бұрынғы ма, қазір бұрынғыдан асып түсетін болыпты. Ораза ұстап тақуа болуды сәнге айналдырған оқушылар енді «ауызашар жасаймыз» деп 4-5 мың теңгеден жинайды екен. Ол ақшаны, әрине, ата-аналарынан сұрайды. Кейбір ата-ана үшін 4-5 мың теңге деген түк емес шығар, ал кейбір ата-ана үшін ол ақшаны табу оңай емес. Әсіресе 4-5 бала бағып отырған, күйеуі ғана жұмыс істейтін әйелдер үшін, жалғызбасты аналар үшін әр теңге санаулы..., - деді журналист.

Сондай-ақ ол ауызашарды өздері үшін жасап, оны отырысқа айналдыру дұрыс еместігін айтты.

«Олар кімге ауызашар береді? Мүмкін ақша жинап, мұқтаждарға ауызашар беретін шығар? Азық-түлік тарататын шығар? - десем, «жооқ, өздері жиналып, бір баланың үйінде дастархан жасап отырады екен. Осыларға не жоқ, бұлар ауызашар жасамаса Құдай өкпелей ме екен?!.. Күйдіреді ғой, еріккендер...» дейді...

«Ауызашарға ақша бер» деген баласына, оның «діндар» сыныптастарына күйіп отырған көпбалалы ана...

Ораза... ауызашар... ақша жинау... Оның соңы - анасының баласына сөйлеуі, баласының анасына өкпелеуі... ұрыс-керіс, өкпе-реніш... сонда ол балалардың оразасы қандай ораза, діні қандай дін? Ислам діні емес екені анық... тым болмаса, сол балаларға «ауызашарды кәмелет жасына толған адам өз маңдай терімен тапқан ақшаға жасау керек, садақа деген сондай болады, ата-анаңнан жырып алған ақшаға дастархан жасап бас қосу садақаға жатпайды, ауызашар да емес, жай ғана «бешір» деп айтатын ата-ана болмай тұр...

Сенің ұстаған оразаң, берген садақаң өзің үшін ғана... өзіңе, өзгеге зияны тисе, онда ол, керісінше, жақсы амал болып саналмайды...

Дін деген - тәрбие. Дін деген - мәдениет. Дін деген - форма (сақал, хиджап) атрибут емес, ең алдымен ішкі мән-мағына, мазмұн... Ішкі мазмұның нөл болып, сыртың «діндар» болғанынан зиян көп, пайда жоқ... Құдай ондайларды Құранда «екіжүзділер, мүнәфиқтер» дейді... олардың тозағы дінсіздің тозағынан ауыр болады...

Мектеп оқушылары осы бетімен кетсе, Ауғанстан болатын күн алыс емес...», - деп жазды ол.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады