Ресейдегі президент сайлауы: Алматыдағы бас консулдықта 1,5 мыңға жуық адам дауыс беруде

Аиса Махамбет Редактор
17.03.2024, 19:54
837
Ресейдегі президент сайлауы: Алматыдағы бас консулдықта 1,5 мыңға жуық адам дауыс беруде stan.kz

Ресейде президент сайлауының үшінші күнінде елімізде сайлау учаскелері ашылды. Ресей азаматтары Ресейдің Астанадағы елшілігіндегі консул бөлімінде, Алматыдағы бас консулдық пен Өскемен және Оралдағы консул бөлімшелерінде дауыс беріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Қазақстандағы ресейліктер Ресей президенттігіне үміткерлерге дауыс береді. Дауыс беру таңғы 8:00 кешкі 20:00 дейін жалғасады. Адам қарасы уақыт өткен сайын артуда.

Дауыс беріп шыққан ресейлік азамат Stan.kz-ке берген пікірінде Владимир Путиннің кандидаттығын қолдайтынын айтты.

Кандидаттар тізімінде лайықты үміткерлер жоқ екенін айтқан ол Путин “100 жыл басқарса да қарсы емес” екенін жеткізді.

Алматыда Жандосов көшесіндегі консулдыққа түске дейін шамамен 1,5 мың адам келген. Жұрт аяғы әлі басылмады.

Көшеде ұзын-cонар кезек қалыптасты. Сайлау учаскесіне екі жерден кіргізіп жатыр.

Бұған дейін Ресей оппозициясы "Путинге қарсы талтүс" акциясын жариялаған.  Алматыда консулдық маңына жиналғандар талтүсті шағын қол шапалақтаумен қарсы алды.

Армения мен Қазақстанда "Путинге қарсы талтүс" акцияларының кезегі ең ұзын болған. 

Ал Астанада кезек 500 метрге дейін жеткен. 

"Дождь" телеарнасының тілшісі Ресейдің Еревандағы елшілігіндегі кезек бір шақырымнан астамға созылғанын айтады.

Азаттық тілшісіне ресейліктердің басым бөлігі Кремль Украинаға соғыс жариялағаннан кейін немесе 2022 жылғы қыркүйектегі мобилизациядан соң Қазақстанға келгенін айтқан. Сол кезде Қазақстанға шамамен 400 мың ресейлік кіргені хабарланған еді. Басым бөлігі кейін үшінші елге кеткен.

Тәуелсіз бақылаушылар мен сарапшылар сайлауды еркін емес әрі бәсеке жоқ деп бағалаған. Сайлауға бірде-бір оппозиция кандидаты жіберілген жоқ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды