"Жеке өмірім жайлы ешкімге айтпаймын": Балқия келін біраз сырын ақтарды

18.03.2024, 09:59
1310
"Жеке өмірім жайлы ешкімге айтпаймын": Балқия келін біраз сырын ақтарды Бейнежазбадан

Көпшілікке «Келінжан» сериалындағы Балқия келін боп танылған актриса Нұргүл Мыңғатова «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасына қонақ болып, балалық шағы мен жеке өмірі жайлы сыр шертті.

«Әкем ерте қайтыс боп кетті де, нағашы атамды «папа» деп, бесінші сыныпқа дейін сол кісінің қойнында ұйықтайтынмын. Үш жыл бұрын ол кісі де дүние салды. Балалық шағым жақсы өтті, нағашыларым жақсы тәрбие берді, қарады. Кішкентай күнімнен еңбекке араластым. Бесінші сыныптан бастап сүт саттым. Әскери қалашық болатын, соған бір қолыма 6 литр, екіншісіне 6 литр сүт алып, үйме-үй, көпқабатты үйлерді аралап шығатынмын. Бар білген орысшамды айтып, олар менің түріме, тіліме қызығатын ба еді, әйтеуір тез-тез сатып қайтушы едім. Ал кешкі сүтті көршілерге саттым. Бірақ еркін өстім, еркелетіп өсірді. Бәрі өз ретімен, мөлшерімен болатын», – деді Нұргүл. 

Актриса анасының небәрі 27 жасында жесір қалғанын айтып берді.

«Әкеміз қайтыс болған соң Аягөзге, нағашыларымыздың қолына көшіп келдік. Анам оқуға түсетін болды да, ағам екеумізді тастап, Алматыға кетті. Кейін Аягөзден үш бөлмелі пәтер алып, біз бөлек шықтық. Анамыз сол күйі тұрмысқа шықпады. Ол кезде бала едік қой, бәлкім бізге білдірмей, сырттай араласып, кездесіп көрген шығар. Бірақ тағдырын біреумен тоғыстырмады. Мен де қазір жеке өмірім жайлы ешкімге айтпаймын, білетіндер де көп, білгісі келіп, сұрайтындар да аз емес. Бірақ еш жерде ол туралы айтпаймын. Кішкентай «Шиқылдағымды» босанғанымды да көп адам білмей қалды, «Қалай сонда?», «Бұл баланың әкесі кім?», «Асырап алған жоқ па?» деп небір әңгіме айтылды. Бірақ, ол туралы еш жерде тіс жарып айтқан емеспін», – деді актриса.

Нұргүлдің танымалдылығы «Балқия» әнінен кейін арта түскен. Қазір ол тойларға шығып, ән де айтып жүр екен.

«Балқия» әнінен кейін «Кавер-шоу» бағдарламасына қатыстым. Ақырындап ән жаздыра бастадым. Қазір енді тойға барсам «Әнші, актриса» деп таныстырып қалады. Бірақ мен әнші емеспін. Қоржынымда бұйырған бес әнім бар, тағы жаздырсам ба деп жүрмін. Алматының ішінде 500 мыңға, ал сырт жаққа одан сәл қымбаттау бағаға барып, өнерімді көрсетіп кетемін», – деп ағынан жарылды Нұргүл Мыңғатова.

«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған