Олжас Бектенов Shell plc концернінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті

18.03.2024, 12:17
871
Олжас Бектенов Shell plc концернінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Шелл плс» концернінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті, онда мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысы қаралды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша мұнай мен конденсат өндіруді жылына кемінде 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру – басым міндеттердің бірі. Осы мақсатта тараптар шикі газды кері айдаудың қосымша компрессорларын уақтылы іске қосуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жобаның толыққанды қызметін қамтамасыз ету мақсатында акционерлердің есебінен Қарашығанақтағы қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда.

Қашаған кен орнының тұрақты жұмысына ерекше назар аударылды. Өткен жылы мұнай өндіру 18,77 млн тонна, газ өндіру 11,86 млрд м3, газды қабатқа кері айдау 5,83 млрд м3 құрады. Кен орнын толық игеру үшін Қашағанда газ өңдеу зауытын салу мәселесі пысықтау сатысында тұр.

ҚР Үкіметінің басшысы жобаларды іске асыру шеңберінде, оның ішінде Қазақстан аумағында жоқ өндірістерді оқшаулау арқылы қазақстандық қамтуды арттырудың басымдығын атап өтті.

«Бүгінде жоба операторларының жұмысындағы жергілікті қамту үлесі қолайлы деңгейде, ал тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі әлі де өте төмен. Бұл өнім шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен тығыз қарым-қатынасты қажет етеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады. Сондай-ақ талқылау нәтижесінде жақын арада ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұлғайту мақсатында жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы қайта қаралатын болады.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар «Шелл» компаниясының Қазақстандағы әлеуметтік және білім беру жобаларының оң әсерін атап өтті.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді