"Әжем 6 жыл бойы жер үй салды": Ләйлә Сұлтанқызы туған ауылына барды

18.03.2024, 13:12
1763
"Әжем 6 жыл бойы жер үй салды": Ләйлә Сұлтанқызы туған ауылына барды sultankyzy

Наурыз мерекесі аясында тойланатын онкүндіктің бірі – “Шаңырақ” күні. Осы орайда танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы өзінің туып-өскен ауылын көрсетті.

Stan.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл күні үлгілі отбасыларға, адамгершілік тәрбие мәселелеріне арналған отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. 

“Шымкент қаласында туып-өстім. Әлі күнге дейін тұрған көшеміздің атын жатқа білемін. 1986 жылы Қайтпас деген жерге көштік. Жер үй салу оңай емес, әжеміз бастап, әке-шешеміз бен бала-шаға қостап жер үй салдық. 5-6 жыл өткеннен кейін сол үйге кірдік. Әжем өте керемет кісі болды. Жаңадан соғылған үйдің алдында екі бөлмелі сарай болатын. Сол жерге от жағамыз. Әжем сол пештің түбінде отырып, түрлі ертегі-әңгімелер айтатын. Менің бала күнімнен ішім көп ауырды. Сондай кезде әжем жанып жатқан пештің үстіне асқабақтың дәнін лақтырып отыратын. Ол қап-қара болып, жарылады. Соны ағам мен інім үшеуіміз отырып, аузы-басымыз күйе болып жеп алушы едік”, – деп еске алады журналист. 

Журналистің айтуынша, өз қолдарымен салған қара шаңырақты сатып, қалаға көшіп кеткен көрінеді. 

“2004 жылы әкем дүниеден озғаннан кейін, әжем мен анамды қалаға көшіріп алдық. Қара шаңырақты сатып жібердік. Балалығың қалған үйді сатпаған дұрыс деп те ойлаймын. Егер әлі күнге дейін қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырсаңыздар, естеліктерді айта отырыңыздар! Бүгін ата-әжені, ауылды еске алатын күн”, – деді медиа маман. 

«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған