"Анам 27 жасында 2 баламен жесір қалды": Балқия рөлімен танылған Нұргүл Мыңғатова жан сырын айтты

19.03.2024, 09:59
7908
"Анам 27 жасында 2 баламен жесір қалды": Балқия рөлімен танылған Нұргүл Мыңғатова жан сырын айтты teznews.kz

Соңғы кезде сахнадан жиі көрініп жүрген өнер иесінің бір ұлы бар.

“Келінжан” телехикаясы арқылы танылған актриса Нұргүл Мыңғатова отбасы мен жеке өмірі туралы “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасында айтып берді.

“Жеке өмірім шүкір, жақсы. Жариялағым келмейді. Өйткені ол менің жеке өмірім. Бірнәрсе болсын жеке болып қалуы керек. Білетін адамдар біледі ғой. Білгісі келіп жүрген адам да көп. Сұрайды. Мүмкін өзінің уақыты келер. Жолдасым да жариялағанды ұната бермейді. Қазір 1 ұлым бар. Отыздан аса босандым. Жүктілігім керемет өтті. Еркелеп жүрдім. Бәрі жақсы өтті", – деп жауап берді актриса. 

Сонымен қатар кино жұлдызы балалық шағы туралы да айтып берді. Алайда әкесі туралы естелік айтқанда көңілі босады. 

“Балалық шағым Аягөз қаласында өтті. Нағашы ата-әжемнің қолында өстім. Сүт сатып, еңбекке араластым. Әкем өмірден ерте кетті. Анам ол кезде 27 жаста болған. Екі баламен жесір қалды. Ағам Нұрлан екеуміздің арамыз – 3 жас. Әкем дүниеден озған кезде ол кезде кішкентай болдым. Есімде жоқ. Ауырған сияқты. Ол кісі Катонқарағайдан еді. Анам Аягөздікі. Әжемді мама деймін. Әкем туралы әжемнен сұрауға бата алмайтынмын. Ренжіп қала ма деп ойлайтынмын. Бірақ кейде әкемді іздейтінмін. Соңғы кездері әкемді қатты есіме алатын болыппын. Қазір үлкен парызым тұр: басына барып, Құран бағыштап, туған-туысты жинау. Жете алмай жүрмін. Өзімді кінәлі сезініп жүрмін. Қу тіршілік, күнкөріс дегендей", – деді ол.

8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады