"Бәрі осылай қуана ма": келіндерімен бірге видео жариялаған Айдарбекова елді күлдірді
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде екі келінімен бірге жаңа видео жариялап, қалың көпшілікті күлдірді.
Оқырмандар әзілі жарасқан отбасыға тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова әзіл ретінде түсірілген видеоны Instagram парақшасында жариялады.
Онда продюсер үйден шыққан бойда келіндерінің қуанып, би билеп кеткенін көруге болады.
"Ал мен кеттім, келіндер барлығы осылай қуанады ма екен? Ал сіздер ше келіндер? Шынымен осылай ғой, өздерімен өздері еркіндік. Әзіл ретінде түсірдік", - деп жазды ол.