"Оның өз ортасы бар": актер Қажет Смағұл неге Нұрлан Қоянбаевтың фильміне түспей кеткенін айтты

19.03.2024, 13:21
4538
"Оның өз ортасы бар": актер Қажет Смағұл неге Нұрлан Қоянбаевтың фильміне түспей кеткенін айтты Youtube/SAUMAL

Отандық танымал актер Қажет Смағұл Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес" фильмінің соңғы екі бөліміне не себепті түспегенін ашып айтты.

Ол белгілі кинопродюсермен бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін де баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қажет Смағұл ел арасында Нұрлан Қоянбаев екеуі ұрысып қалғаны жайлы тарап жатқан қауесетке нүкте қойды. Өнер иесі кинопродюсермен жақсы араласатынын айтып, "Қазақша бизнес" фильміне түспей кеткеніне оның еш қатысы жоқ екенін жеткізді. Актердің айтуынша, киноға кім түсетінін сценаристер шешеді.

"Көріскенде құшақтасып амандасамыз. Қатты араласамыз деп айта алмаймын. Оның өз ортасы, менің өз ортам бар дегендей. "Қазақша бизнес" фильмінің соңғы екі бөліміне түспедім. Содан кейін көбісі бізді ұрысып қалды деп жатады. Қанша адам болса, сонша пікір де болады. Бұл - Нұрланның туындысы. Нұрлан өз ақшасына түсірген фильм. Бірақ сценаристер қалай көреді, қалай жазады. Түбінде солай болады. Оған Нұрланның да, менің де қатысым жоқ. Бұл жерде сценаристер шешеді. Олар кімді шақырғысы келетінін өздері біледі. Қайта мені алғашқы бес бөліміне шақырғанына тәуба деймін. Нұрланға ешқандай ренішім жоқ. Қайта оған рахмет айтуым керек. Нұрлан болмағанда менде мұндай танымалдылық болар ма еді", - деді Қажет Смағұл "Saumal" подкастында. 

«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған