749

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

Айдын Айымбетов «Бәйтерек» БК» АҚ-ны басқарды. Бұл туралы Республикалық ғарыштық байланыс орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды
gov.kz

Айдын Айымбетовтің жаңа қызметке кіріскені 18 наурызда, дәлірек айтқанда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болды.

Айта кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Айдын Айымбетов – қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры.