Назарбаевтың інісі Самат Әбіш 8 жылға сотталды
Депутат Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің сотталғаны туралы жазба жариялады.
Депутаттың айтуынша, Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.
"26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды", – делінген жазбада.
Қазірге ақпарат соттан ресми расталған жоқ.
Еске сала кетейік, Самат Әбішке "Қаңтар оқиғасы" кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын.