«Ұлан осы жылы маған сәттілік болды»: Балжан Бидаш сахнадағы жұбы туралы айтты

20.03.2024, 09:09
3555
«Ұлан осы жылы маған сәттілік болды»: Балжан Бидаш сахнадағы жұбы туралы айтты konysbayev7

Әнші Балжан Бидаш «Өмір көркем» бағдарламасында қонақ болып, «Егіз лебіз» жобасында бірге өнер көрсетіп жатқан сахнадағы жұбы, футболшы Ұлан Қонысбаев туралы айтты

Aikyn.kz хабарлауынша, өнер иесі әр бағдарлама сайын шыңдалып, тәжірибе жинап жатқанын айтады. 

«Әр бағдарлама сайын тәжірибе алып жатырмыз. Ұланға әнші болмасқа болмады. Сахнадағы дайындық бар, түсірілім, қобалжу бар. Мен көп дайындалып, дайындыққа шақыратын тәлімгер емеспін. Ұлан осы жылы маған сәттілік болды. Әнге икемі бар. Караокеден шықпайтын жігіт. Бағдарламаға дайындалып, арасында ұрысып қоятыным бар. Ол – Астанада, мен Алматыдамын. Екеуміз екі жақта дайындалдық. Бірақ ешқандай қиындық тудырмады», – дейді әнші. 

Айтуынша, алғашында Ұлан Қонысбаев сахнадағы образға үйренбей, басқа киім киіп шығуды ұсынған. 

«Өмір бойы спорттық киім киіп келген жігіт. Сахнаның жылтырақ костюмін киюге қиналды. Бірақ эфир шыққаннан кейін өзін экраннан көріп, үйреніп кетті. Өзіне де ұнады. Қазір бермесең, тартып алып киеді. Өте ақкөңіл, тәрбиелі, жақсы жігіт. Ата-анасы өте керемет, әр эфирден қалмай, бізге қолдау білдіріп келеді. Бір күні ата-анасы бешбармақ әкеледі, бір күні Ұлан жеміс-жидек әкеледі. Бізді еркелетеді, қамқор», – деді Балжан Бидаш. 

Ақтөбелік ағайындылар жиен қызды зорлап, анасынан ақша бопсалаған «Әкесі 11 жастағы ұлын атып, оны ешкімге айтпауын сұраған»: Мектеп дәрігерлері баланың бойындағы сұмдықтан шошыды Трамп Қытайға өте сыпайы қарауға уәде берді Қазақстан «оқымысты» елге айналып барады «Жансақтау бөлімінде жатыр»: ер адам көлік ішінде өзін өртеп жіберді (ВИДЕО) «Саяси тапсырыс емес»: Берденов туралы депутат пікір білдірді Оққа ұшқан Руслан Берденовке қолдау білдіремін деп Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды Шиеліде 42 жастағы келіншектің қолын мұғалім күйеуі балталап тастаған Абай Бегейдің қызы тағы заңсыз ұтыс ұйымдастырып, жұрттың наразылығына ұшырады БҚО мектептерінде зейнет жасындағы мұғалімдерді өтемақысыз жұмыстан шығарған Ақтауда 35 жастағы ер адам әскерге шақырту алған Министр Аида Балаева да Дженнифер Лопестің концертіне билет алған Жириновскийдің шетелдік төлқұжаты аукционға қойылды Ауыл әкімі сирек кездесетін гүлдермен селфи жасап, жұрттың наразылығын туғызды «Ернарды Берденов сондай ауыр жағдайға жеткізген»: белгілі заңгер Берденовтің жаралануы туралы Ер адам түсінде опасыздық жасаған әйелін пышақтап тастады 23 сәуір - Ұлттық кітап күні 23 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Халық үшін қам жеген асыл азамат»: Сәкен Майғазиев қастандық жасалған Руслан Берденовке қолдау білдірді «Есесіне шетелдікке күйеуге шықпады»: Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат боп қалған әпкесін мақтады