Қазақстан мен Грекия арасындағы кездесу УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі жартылай финал аясында 21 наурыз күні өтеді. Матч жеңімпазы финалға жолдама алып, Грузия – Люксембург жұбының қай жеңгенімен жолығады.
Грекиямен ойынға Магомед Адиев шәкірттері толық құрамда жиналды, өкінішке қарай, сары қағаз санына байланысты «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп алаңда құрамаға көмектесе алмайды. Соған қарамастан Әліп жігіттерге қолдау көрсету үшін Дубайда өткен оқу-жаттығу жиындарына, сонан соң Грекияға барды.