702

Қызылордада зейнеткерді тонап кеткен күдікті ұсталды

Қызылордалық полицейлер зейнеткерді тонап кеткен күдіктіні ұстады.

Қызылордада зейнеткерді тонап кеткен күдікті ұсталды
canva.com
Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бұл бағытта Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілдері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 64 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды. 

«Қала аумағындағы сауда орталығының алдында тұрған дүңгіршектен 30 жастағы азамат сауда жасаған. Артынша терезесін сындырып кассада тұрған ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.