Қарызға батып ауызашар берудің қажеті жоқ – Нұрлан имам

21.03.2024, 11:54
987
Қарызға батып ауызашар берудің қажеті жоқ – Нұрлан имам nurlanimam.kz

Дінтанушы, "Ырыскелді қажы" атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы Рамазан айында қарызданып ауызашар беруді құптамайтынын айтты.

Бұл туралы Egemen Qazaqstan басылымы хабарлады.

“Ораза - құлшылық. Ауызашар беру ол да салтымызбен астасып жатқан жақсы амалдардың бірі, құлшылық. Бірақ соңғы уақытта ауызашар бір-біріне еліктеушілік немесе қинау, зорлыққа ұласып кетіп жатыр. Мынау аста-төк дастарқан жайды деп қарызға батып ауызашар берудің қажеті жоқ. Оразаның басты мақсаты ағайындарды біріктіру, ұзағандарды жақындастыру, ренжіскендерді райынан қайтару, алдынан өту сынды ғибратты іс-әрекеттерді қамтыған дұрыс. Біздің ауызашарларымыз кейінгі жылдары шоу, гала-концертке дейін айналып бара жатқан жағдайларды байқап жүрміз. Бұл кезде жылына бір келетін Рамазан айын пайдалы өткізуге көңіл бөлу керек”, – дейді имам. 

Нұрлан Байжігітұлының айтуынша, Рамазан айында ауызашар беремінде қателікке бой алдыратындар көп. Мұнда аста-төк дастархан емес, ниеттің дұрыстығы маңызды.

“Ауызашар берудегі ең ескеретін тұс – дастарқанда бақталастық болмау керек. Біздің қоғамда адамдар бәленшенің дастарқаны керемет болды, ал екінші бір адам жағдайы жеткенше жасаса дастарқаны қарапайым болды деп әңгімелеп жатады. Бұл дұрыс әрекет емес. Адам Құдайға дастарқанымен жақындамайды. Пейілімен жақындайды. Сондықтан кім қандай ниетпен ауызашар берсе, сауапта соған қарай беріледі. Асылында бұл аса мән беретін мәселе. Ауызашарда бірінші су, сұйық тағамдар көбірек берілу керек. Бізде бірден алдыңа ет қояды. Мұндайда күні бойы аузы берік адамның шөлі басылмай қалады. Мүфтият, басқа да діни орындар бекіткен дастарқан мәзірі жоқ. Халқымыз құрмет білдіру үшін мол дастарқан жаяды. Алайда бақталастыққа өтіп кетпеуді қадағалау шарт. Мен алдыма жан салмаймын, менің дастарқаным ең жақсы болуы қажет деген түсініктен арылған дұрыс. Пайғамбарымсыз (с.ғ.с) құрма бер немесе су бер. Осының өзі жеткілікті деп айтқан.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды