Алматы балабақшасында қаптап жүрген егеуқұйрықтар: Әкімдік жаңа мәліметтермен бөлісті

Аиса Махамбет Редактор
21.03.2024, 15:05
775
Алматы балабақшасында қаптап жүрген егеуқұйрықтар: Әкімдік жаңа мәліметтермен бөлісті бейнежазбадан алынған кадр

Алматы әкімдігі балабақшада жүрген егеуқұйрықтар туралы желідегі тараған ақпаратқа түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шенеуніктер кеміргіштер жақын маңдағы қоқыс жәшігінен пайда болуы мүмкін деп отыр.

“Балабақшаның жанында егеуқұйрықтардың негізгі мекендейтін жері болып саналатын көпқабатты үйлердің қоқыс контейнерлерінің кластері (балабақша аумағынан 20 метр қашықтықта) орналасқан”, – деп мәлімдеді Алматы қаласы білім басқармасы.

Басқарма бүгінгі күні балабақшада қажетті дезинфекция және дератизация шаралары жүргізілді деп сендіреді.

“Биылғы жылдың 20 наурызында басқармада балабақша қызметін бақылау жөніндегі комиссия құрылып, оның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйым әкімшілігіне тиісті шаралар қолданылатын болады. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі де тексеру жүргізіп жатыр”, – деп қосты Алматы қаласы білім басқармасы.

Айта кетейік, "№110 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Медеу ауданында, Достық даңғылының бойында орналасқан. Жобалық қуаттылығы 280 орын, барлығы 12 топ, оның ішінде 2 кіші топ, 4 жоғары топ, 3 орта топ, 3 дайындық тобы бар.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде балабақшаның жатын бөлмесінде егеуқұйрықтар жүргені көрінетін видео пайда болған. Бұл бейнежазба алматылықтарды қатты шошытты.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды