"Айка тізімі": Алматыда "эскорт бизнесін ұйымдастырушыға" қатысты сот басталды

Аиса Махамбет Редактор
21.03.2024, 16:16
789
"Айка тізімі": Алматыда "эскорт бизнесін ұйымдастырушыға" қатысты сот басталды istock

Танымал тұлғалар мен бизнесмендер анықталған "Айка тізімі" интернетте тараған болатын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жезөкшелер үйін ұйымдастырды және заңсыз есірткі сақтады деп айыпталған қызға қатысты сот басталды. Бұл туралы еліміздің Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді.

"Бас көлік прокуратурасы М.А.А.-ға қатысты Алматы қаласы Әуезов ауданының сотына Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі 1-тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық істі жолдады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі (Бірнеше рет жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды" , - делінген Бас көлік прокуратурасы хабарламасында.

Олар бұрын "VIP сутенер" және Love Aika атымен танылған блогер Айка туралы айтылғанын растады. Ол 2023 жылғы 6 маусымда Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен ұсталды.

"Айка тізімі" деп аталатын тізім интернетте де тарады. Тізімде қазақстандық танымал тұлғалар, бизнесмендер, ірі қаржы институттарының қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен қауіпсіздік қызметкерлерінің есімі жазылған.

Алайда кейіннен құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздері бұл тізімнің бар екенін жоққа шығарып, оның бопсалау үшін таратылған жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды