"Қатерлі ісікке күдік бар деді": Дина Төлепберген ұлының сырқаты жайлы жан сырын ақтарды

Аиса Махамбет Редактор
21.03.2024, 16:52
11612
"Қатерлі ісікке күдік бар деді": Дина Төлепберген ұлының сырқаты жайлы жан сырын ақтарды бейнежазбадан алынған кадр

Ұлының дерті журналистің "Астарлы ақиқаттан" кетуіне ықпалын тигізген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген алғаш рет үлкен ұлының сырқаты туралы жан сырын ақтарды. БАҚ өкілінің тұңғышына бастапқыда қатерлі ісікке күдік бар екенін айтқан.

Дина Төлепберген өзі 13 жыл бойы жүргізген "Астарлы ақиқаттан" ұлы үшін кеткенін мойындады. Тележүргізушінің баласына ауыр диагноз қойылған.

БАҚ өкілі басынан өткен қиын кезең жайлы "Мамский әңгіме" подкастында айтып берді.

"Біз басқа үйге көшкелі үлкен ұлымның мұрнынан жиі қан аға бастады. Мен ол кезде жаңа үй, жаңа мектеп салдарынан сәл күйзелісте жүрген шығар деп ойлап қалдым. Десе де дәрігерге барып қаралдық. Бізге тиісті ем жазып берді. Бірақ оны қабылдасақ та, қан тоқтар емес. Бір күні ұлымның денесі біреу тепкілеп тастағандай көгеріп кеткенін байқап қалдым. Сол түні мұрнынан өте көп қою қан ағып бастады. Бірден жедел жәрдем шақырттым. Оны жансақтау бөліміне алып кетті. Тромбоциттері 7 мың, одан кейін 4 мың болып кеткен. Ал дені сау адамдарда ол 180-300 мың болуы керек. Ауруханада да қаны тоқтамады. Түкірсе де қан шығып жатты. Тек құлағынан ғана ақпады.

Дәрігерлер "онкология шығар" деп айта салды. Мен сенген жоқпын. Ертесіне тромбоцитопения пурпура деген дигноз қойылды. Үш апта ауруханада жаттық. Бірақ баламның бұл дертке қалай тап болғанын әлі де түсінбедік. Ауруханадан шыққан соң үлкен гормоналды терапиядан өттік. Ол өте қорқынышты. Өте көп дәрі ішті", - деді тележүргізуші.

 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)