Шығыстағы ахуал: қар еріп, ауылдарды су басты

Аиса Махамбет Редактор
21.03.2024, 18:32
1554
Шығыстағы ахуал: қар еріп, ауылдарды су басты arasha.kz

Еріген қар суы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында бірнеше ауылдың жолдарын су алды. Бұл туралы arasha.kz жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аудан әкімдігі Жаңалық ауылының жанынан тасқын су ағыны өтіп жатқанын айтты.

«2024 жылдың 20 наурызы күні Тарбағатай ауданында ауа температурасының күрт көтеріліп, жауын-шашынның  түсуіне байланысты Жаңалық ауылының  жанынан тасқын су ағыны өтті.  Таулардан еріген суы Маңырақ ауылының жоғары жанындағы бөгетті жағалап өтіп, Ақжар-Шілікті автожолының бойымен Жаңалық ауылына қарай ағып жатыр.

Сондай-ақ Ақжар-Құйған, Ақжар-Жетіарал автокөлік жолдарының бірнеше бөлігінен су асу жағдайы болды. Төтенше жағдайдың алдын алуға аудан әкімдігінің, ТЖБ бөлімінің, ПДУ-3, Ақжар, Құйған, Жетіарал  әкімдігінің қызметкерлері және 5 техника, 50 адам  тартылды», – делінген әкімдік хабарламасында. 

Қазір ауданда тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Қазір жағдай тұрақты, – деп сендірді әкімдіктегілер.

«Жаңалық ауылына және облыстық маңызы бар Шілікті-Ақжар жолына бүліну-зақым келген жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жаңалық, Құйған, Жетіарал ауылы тұрғындарына қауіп жоқ», – делінген хабарламада.

Әзірге аудандық және облыстық, республикалық маңызы бар автомобиль жолдары барлық бағыттар бойынша ашық. Жылудың, судың және энергиямен жабдықтаудың апаттық тоқтауы болған жоқ. Табиғи-техногендік сипаттағы ТЖ туралы хабарламалар да түспеді. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды