«Көйлектің ақшасы садақа болсын!»: Белгілі журналист әнші Шахизадаға алданып қалғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
21.03.2024, 19:52
7892
«Көйлектің ақшасы садақа болсын!»: Белгілі журналист әнші Шахизадаға алданып қалғанын айтты жеке парақшасынан

Әнші жыртық көйлекті алдап сатып жібергенін айтты журналист. Бұл туралы Ernur.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі журналист Жазира Бегалы балаларын әнші Шахизада Байпатшанованың алдап соққаннын айтты. Бұл туралы ол Фейсбук парақшасында жазды. 

«Шахизада, «Инстаграм» арқылы жыртық көйлек сатып, телефонды неге бұғаттап тастадыңыз? Мынау сіздің дүкеннен бір сағат бұрын балалар тапсырыс беріп, маған Наурыз мерекесіне алған сыйлығы! Жыртық! Оны сары жіппен тігіп, қалай ұялмай сатып отырсыз? Оразада сол жыртық көйлектің ақшасы сізге садақа! Позор! Балалар жыртықты көріп, сатқан нөмірге хабарласқан, бұғаттап тастапты» деп ашуланды журналист.

Айтуынша балалары көйлекті әнші Шахизаданың өзі ашқан «Шахизада коллекшн» дүкенінен тапсырыс беріп алдырған.

«Бүгін Шоңжыдан іссапардан келдім. Балапандарым мені қуантайын деп көйлекке тапсырыс береді. Түркияның киімі, жеңілдікпен екен. Танымал әнші жыртық көйлекті парақшасында жарнамалаған. Сататын кезде осындай ақауы бар деп ескертпеген. Нәтиже – осы! Сатқан адам нөмірді бұғаттап тастаған. Ал әншінің көмекшісі мардымды жауап берген жоқ. Қысқасы, Шахизада, мынау тірлігіңіз ұят!» деді Жазира Бегалы.

Журналистің жазбасына көпшілік өз пікірін білдірді.

«Ұят болған екен, кешірім сұрайтын шығар», «Ертең барып, ақшаны қайтарып алу керек, заң бойынша қайтарып беруге міндетті», «Осы онлайн сауданы шектеу керек. Телефонның арғы жағынан бәрі әдемі көріне береді», «Ұялмай қалай сатты екен, не шықса да осы әншілерден шығатын болды», «Масқара, қызыл көйлекті сары жіппен тігіпті» деп жазды желі қолданушылары.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)