«Насвай» шарасы: Астанада 100-ден астам сауда нүктелері тексерілді

Аиса Махамбет Редактор
22.03.2024, 10:51
694
«Насвай» шарасы: Астанада 100-ден астам сауда нүктелері тексерілді gov.kz

Елордада вейп пен насвай заңсыз сатып, тарататындарға шара қолданылып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада вейп пен насвайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жалғасуда. Қаланың сауда нүктелері тексеріліп, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Тәртіп сақшылары наурыз айының соңына дейін елордада "Насвай" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.

Алматы ауданы бойынша рейдке қатысушылар аудандық әкімдік, полиция қызметкерлері-Б.Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінде орналасқан сегіз сауда нүктесін электронды темекі мен насвайдың заңсыз сатылуын тексерді. Меншік иелерімен темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша түсініктемелер жүргізілді.

Сарыарқа ауданы бойынша "Насвай" жедел-профилактикалық іс-шарасына 53 полиция, мемлекеттік мекемелер мен қоғам қайраткерлері жұмылдырылды. Рейдтер барысында аудан бойынша 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Есіл ауданының жұмыс тобы бір күнде 40-қа жуық ШОБ нысанын тексерді. Кәмелетке толмағандарға вейп сатудың 2 фактісі анықталды. Тексерушілер ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады.Бұзушылар 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс.

18-20 наурыз аралығында барлығы 80 ШОБ нысанына барып, 10 факт анықталды, оның ішінде насвайды сатқаны үшін – 7 жағдай. ҚР ӘҚБтК 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Үш жағдайда кәмелетке толмағандарға вейп сатылды. Құқық бұзушыларға да айыппұл салынды.

20 наурызда Нұра ауданында кезекті рейд өткізілді. Іс-шара барысында Асфендияров және Анет баба көшелерінде орналасқан 20 сауда нүктесі тексерілді. Нәтижесінде екі дүкен 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Үш күн ішінде Байқоңыр ауданы бойынша сегіз ірі базар, дүкендер мен сауда үйлері тексерілді. Сонымен, Лермонтов көшесіндегі жеке үйде 88 келі насвай тәркіленді. Құқық бұзушыларға айыппұл салынды, олармен түсіндірме әңгімелер де өткізілді.

Елорданың сауда нүктелері бойынша рейдтер жалғасуда.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?