Жоғалып кеткен павлодарлық қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды

Аиса Махамбет Редактор
22.03.2024, 12:09
4596
Жоғалып кеткен павлодарлық қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды pexels.com

Қоштасу хатын жазып, жоғалып кеткен жігіт қылмысқа қатысы бар боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ер адам Қарағанды облысы аумағында аса ауыр қылмыс жасаған болуы керек. Бұған дейін туыстары оның жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«21 наурыз күні полиция қызметкерлері Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. Бұған дейін оны туыстары із-түссіз жоғалып кетті деген», — деп хабарлаған.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

«Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жариялауға жатпайды» деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ал Павлодар облысы полиция департаменті қамауға алынған азаматтың жоғалып, табылған павлодарлық екенін растады.

Сmn.kz сайтының хабарлауынша ұсталған жігіт өзге бір азаматты пышақтап өлтірген.

Еске сала кетейік, Павлодарда қоштасу хатын жазып, үйінен кетіп қалған жігіт бір аптадан кейін табылғаны хабарланған болатын.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген