«Бақытсыз әрі күйзелген сәттер болды»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты

Аиса Махамбет Редактор
22.03.2024, 13:16
1238
«Бақытсыз әрі күйзелген сәттер болды»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты жеке парақшасынан

Белгілі кәсіпкердің экс-әйелі отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы келіншегі Назым Қаһарман онымен бірге өткізген жылдары туралы жан сырын ақтарды. 

Назым Қаһарман алғаш тұрмысқа шыққан кезін есіне алып, отбасылық өмірі қалай өткенін айтты. Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялап, некесінде бақытсыз сәттері болғанын жасырмады.

"24 жасымда тұрмысқа шықтым. Біз екі жыл бойы қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүрдік. Ол маған екі рет үйленуге ұсыныс жасады. Тұңғышымды 27 жасымда босандым. 14 жыл некеде болдық. Отбасылық өміріміз бен басымыздан өткен жағдайларға қарап бағаласам, бірге екі есе көп уақыт тұрғандаймыз (уақытша ұстау изоляторындағыдай бір күн екі болып есептеледі). Себебі бұл аралықта мен аса ақылды әрі болашағы зор жігіттің, экономика министрінің және сотталған адамның әйелі болып үлгердім. Жолдасымның мансабын бірге құрдық. Экономика министрінің келіншегі ретінде түрлі ресми қабылдауларда, кештерде жүрген жерімнен күйеуім жазасын өтеген барлық түрмелерді аралап шықтым. Бір кездері бақытты болдым. Бірақ мені көп алдады. Бақытсыз әрі күйзелісте болған сәттер де басымнан өтті. Тіпті болашағы жоқ некедегі өмірге де разы болған едім", - деп жазды ол.

Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаев екеуінің некесі не себепті сәтсіз аяқталғанын айтып берді. Кәсіпкердің бұрынғы әйелі ажырасуға арызды өзі бергенін жеткізді. Ол бұл шешімді қабылдау үшін ұзақ уақыт кеткенін жасырмады.

Назым Қаһарман бұрынғы жолдасы екеуінен жақсы жұп шықпағанын мойындады. Сөзінше, ол балаларымен бірге Қуандық Бишімбаевтың отау құрғанына қатты қуанған. Перзенттері оның келіншегі Салтанат Нүкенованы бірден жақсы көріп кеткен.

"Бұл қарым-қатынас мен үшін үлкен сабақ болды. Мен өзімді әбден жоғалтып, өмірдің түбіне жеттім. Кейін өзіме келіп, өмірім қайта жанданды. Ол үшін ұзақ уақыт керек болды. Нәтижесінде мен ажырасуға арыз бердім. Себебі өмірлік серігім екеуміз бір бағытта өмір сүре алмайтымызды, жолымыз енді екі бөлек екенін түсіндім. Мені көп адам райымнан қайтаруға тырысты. "Балалар бар", "Ұят қой", "Ел не дейді?" деген сөздер айтылды. Ажырасқаным үшін өзімді мақтан тұтамын.

Бұл жағдайды барынша сабырлықпен шештім. Күйеуім мен балаларым үшін де барынша жеңіл өтуі үшін бәрін жасадым. Бізден керемет жұп шықпады. Бірақ біз жақсы қарым-қатынасты сақтай алған, балаларын бірге тәрбиелеген бұрынғы ерлі-зайыпты бола алдық. Біз оның тағы үйленгеніне қатты қуандық. Балаларымыз тіпті оның құдалығына да қатысты. Олар әкесінің жаңа әйелін бірден жақсы көріп кетті. Ары қарай не болғанын өздеріңіз білесіздер", - деп жазды Назым Қаһарман.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады