Словакияда қазақ тілі курстары мен қазақ әдебиеті кітапханасы ашылды

Аиса Махамбет Редактор
22.03.2024, 15:05
838
Словакияда қазақ тілі курстары мен қазақ әдебиеті кітапханасы ашылды gov.kz

Тіл мамандары Словакияда арнайы курс арқылы қазақ тілін үйретпек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанның Словакиядағы Елшілігінде тегін қазақ тілі курстары мен қазақ әдебиеті кітапханасы ашылды.

Сабақтарды аптасына екі рет білікті мамандар – қазақ тілі мұғалімі Жазира Байжұманова мен филолог Сұлтан Қамалиден жүргізеді. Қазақ тілін үйренгісі келетіндердің барлығына ыңғайлы болу үшін курстар екі топқа бөлінеді – словак және орыс тілдерінде оқытатын топтар. Сабаққа жеке қатыса алмайтындар үшін сабақтардың онлайн трансляциясы ұйымдастырылады. Қазақстанда шыққан қазақ тілі оқулықтарын елшілік қамтамасыз етеді.

Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен танысқысы келетіндердің қауымы үшін Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі жанынан қазақ әдебиетінің кітапханасы ашылды. Кітапхана қорында хакім Абай, Мағжан Жұмабай, Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин, Әбдіжәміл Нұрпейісов және басқа да қаламгер классиктердің қазақ, словак, чех, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптарының мол жинағы бар.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Чехословакияда жарық көрген сирек кітаптар жинағы, оның ішінде «Абай жолы» романы мен «Қарақыпшақ Қобыланды» дастанының словак аудармалары үлкен қызығушылық тудырады. Елшілік кітапханасында қазақтың көрнекті тәуелсіздік жолындағы күрескерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Бөкейханның толық шығармаларының жинақтары һәм Алаш қозғалысының тарихынан сыр шертетін кітаптар ерекше орын алады.

Оқушылар мен студенттердің пайдалануына кітапхана қорында төрт томдық «Қазақстан тарихы» оқулығы, он томдық «Жыр маржаны» қазақ халық және төл поэзиясының жинағы, сондай-ақ қазақ тілі, музыка және бейнелеу өнері бойынша кітаптар бар. Кітапхана демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін оқырман қауымына ашық. Оқырмандардың ыңғайлығы үшін елшіліктің қорында бар кітаптардың тізімдемесі жасақталды.

Братиславада қазақ тілі курстары мен қазақ әдебиеті кітапханасының ашылуы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен оның шетелдегі мекемелерінің қазақ диаспорасының мәдени, білім беру және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру мен шетелде Қазақстанға қызығушылықтың артуына байланысты.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды