904

Парижде Ұлттық спорт күні аталып өтті

Францияда Наурыз ерекше өтіп жатыр.

Парижде Ұлттық спорт күні аталып өтті
gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық спорт күніне орай Наурызнама аясында Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде мерекелік іс-шара өтті.

Қазақ мәдениетін сақтау және ұлттық спорт түрлерінің бай мұрасын дамыту мақсатында Қазақстанның Елшілігі қызметкерлерінің балалары спорттық жарыстар мен ойындарға – күрес, асық ату, арқан тарту – қатысты.

Спорттық ойындар ептілікті, логикалық қабілеттерді дамытуға және өскелең ұрпақты патриотизм мен рухани-адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеуге мүмкіндік берді. Іс-шара соңында жас жеңімпаздарға шығармашылық үшін сыйлықтар табысталды.

Материал авторы